Тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу
Мақсаты: 1) Ондық бөлшектерді қосу тақырыбы бойынша алған білімдерін бекіту, тиянақтау;
2) Оқушылардың ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту, белсенділігін арттыру;
3) Экономикалық тәрбие;
Сабақ түрі: аукцион сабақ.
Қолданылатын көрнекіліктер: таратпалы материал, тест тапсырмалары, сызба.
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі
Аукцион туралы мағлұмат
Үй тапсырмасын тексеру
Деңгейлік тапсырмалар
Тест тапсырмалары
Есептер шығару
Сабақты қорыту, білім бағалау
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатынасуын, сынып бөлмесінің тазалығын қарау.
Аукцион туралы түсінік
Аукцион - сауда - тауарды барынша жоғары бағамен сату.
Қазіргі экономика саласында қолданылып жүрген біршама терминдермен таныстырып өтемін.
Инвестор, валюта, сертификат, патент, менеджмент, инфляция т. б.
Аукционға бүгінгі сабағымызда 3 зат қойылады.
Машина 250000 тг
Білезік (бағалы) 10000 тг
Сағат 5000 тг
Қойылған заттарға байланысты мақал - мәтелдер айтқызу.
Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген есептерді ауызша тексеру.
№966 1) 4, 42; 2) 128, 1; 3) 100, 83; 4) 156, 03;
№967 1) 8, 81; 2) 15, 4; 3) 22, 51; 4) 20, 85.
Сұрақтар: 1) Ондық бөлшектерді қалай қосады?
2) Ондық бөлшектерді қосуда қосудың қандай қасиеттері орындалады?
Деңгейлік тапсырма орындау
Топтарға бөлу, ат қою, акционерлік қоғам президенттерін тағайындау.
1. Дұрыс бөлшек 2. Бұрыс бөлшек 3. Аралас сан
Карточкамен жұмыс
3 топқа А деңгейі бойынша есеп беріледі.
№1. Бірінші жәшікте 8, 3 кг алма, екінші жәшікте 2, 2 кг артық алма бар, екінші жәшікте неше кг алма бар?
№2. Бірінші қамбада 10, 2 тонна бидай, екінші қамбада біріншіге қарағанда 7, 5 тонна артық бидай бар. Екінші қамбада неше тонна бидай бар?
№3. Бірінші күні 13, 3 га жер жыртылды, екінші күні одан 7, 2 га жер артық жыртылды. Екінші күні қанша га жер жыртылды?
Тест тапсырмалары
р с 1 - нұсқа
1. Ондық бөлшек түрінде көрсетіңіз: 7 10А) 0, 07; в) 0, 7; с) 0, 0007
2. Жай бөлшек түрінде көрсетіңіз: 2, 09 А) 29 10; в) 29 100; с) 29 1000
3. Қосуды орындаңыз: 3, 6 + 0, 7 А) 4, 3; в) 0, 43; с) 43.
4. Қосуды орындаңыз: 6, 5 + 5 А) 7, 1; в) 11, 5; с) 11.
5. Қосуды орындаңыз: 4, 6 + 10, 7 А) 15, 3; в) 1, 53; с) 0, 153.
р с 2 - нұсқа
1. Ондық бөлшек түрінде көрсетіңіз: 8 10А) 0, 08; в) 0, 8; с) 0, 0008
2. Жай бөлшек түрінде көрсетіңіз: 3, 07А) 37 10; в) 37 100; с) 37 1000
3. Қосуды орындаңыз: 3, 8 + 0, 7 А) 4, 5; в) 0, 45; с) 45.
4. Қосуды орындаңыз: 7, 5 + 3 А) 7, 8; в) 10, 5; с) 10, 8
5. Қосуды орындаңыз: 2, 6 + 11, 7 А) 1 4, 3; в) 1, 43; с) 0, 143.
Оқулықпен жұмыс
№972 (4, 5, 6) әр топ бір есептен шығарады.
№973 шығару
Топ аттарын қорғау.
Егер де мен акционер болсам.... (ой толғау)
АҚ президенттеріне сөз беріледі.
Сабақты қорыту, білім бағалау.
Жеңіп шыққан оқушыға лот тапсыру
Білімдерін бағалау
Үйге тапсырма беру