Сабақтың тақырыбы: Word - тың графикалық мүмкіндіктері.
Суреттермен жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Word - тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету. Оларды мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіруді үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа оқу материалын игерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс - тәсілдер: Практикум элементтері бар түсіндірмелі - көрнекілікті. Зертханалық жұмыс.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: ДК, Microsoft Office Word 2003, 2007 бағдарламасы, интерактивті тақтада дайындалған слайдтар, Activpen қаламы, Activslate
құрылғысы, телеграфтық лента, аналогтық сағат, деңгейлік
тапсырмалар, оқулық, жұмыс дәптері, оқушылардың бағалау және
эмоционалдық жағдайын анықтау парағы.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
ә) сабақтың мақсаты мен шартын жариялау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Қорытындылау
ІҮ. Жаңа тақырып.
Ү. Практикалық жұмыс.
ҮІ. Сабақты бекіту
ҮІІ. Үйге тапсырма
ҮІІ. Бағалау.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Отырыңдар!
Бүгін біз MS Word мәтіндік процессорында жұмысымызды жалғастырамыз.
1. Сабақты бастамас бұрын қауіпсіздік техника ережесін айтып шығамыз. Әрқайсысың бір ережеден айтып кетесіңдер, қайталанбауы тиіс.
2. Үй тапсырмасын өтілген тақырып бойынша сұрақ алу.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
1. Кестені даярлау үшін.... Кесте Кесте қосу
2. Ұяшықтарды біріктіру үшін...... Кесте Біріктіру
3. Кесте құру батырмасы қай қатарда орналасқан? Стандартты
4. Ұяшық дегеніміз не?....... Баған мен қатардың қиылысуы
5. Кестеге жақтау орналастыру үшін...... Формат Шекара және Құю Шекара
6. Жаңа жол қосу үшін қолданатын перне....... tab
7. Ұяшықтарды бөлу командасы........... Бөлу
8. Жолдарды кірістіру............... Кесте Кірістіру Жол қосу