Сабақтың мақсаты: Алтын Орда дәуіріндегі әдебиеттің көрнекті өкілдерінің бірі Рабғузидің өмірі, жазған еңбектері туралы мәліметтермен таныстыру. Миф туралы білімдерін кеңейту.
Лұқман - Хакім әңгімесінің мазмұны мен тәрбиелік маңызын анықтату.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, көркем әдебиет, тірек кесте, әр түрлі мәліметтер.
Сабақтың түрі: өзіндік іздену сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, жинақтау, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, көркем әдебиет, тірек кесте, әр түрлі мәліметтер.
Пәнаралық байланыс: 1. Әдебиет теориясы. Миф туралы
Қолданылатын әдебиеттер: 1. А. Қыраубаева. Ғасырлар мұраты. Алматы. Мектеп 1988 ж.
2. Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті. Алматы Ана тілі 1991ж.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
1. Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.
Үй тапсырмасын қорытындылаушы сұрақтар:
1. М. Қашқари қай халықтың өкілі? (түркі)
2. Диуани лұғатат - түрк еңбегі қашан жазылған? (1072 — 1074ж)
3. Қолжазбалары бар ма? (Түркия ғалымы Қиласли Рифат 1915 - 1917жылдары Стамбулда 3 кітап етіп шығарған. Неміс ғалымы Карл Броккелман жеке үзінділерін неміс тіліне аударған. Түрік ғалымы Басым Аталай аударып, 1934 — 1943ж. Анкарада жариялаған.. Өзбек, түрік тілдерінде аудармасы бар. Қазақ тілінде екі рет жарияланды)
4. Сөздікте қанша тайпаның аты аталады? (29 тайпаның)
5. Толық аты жөні қаалй аталады?( Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед).
6. Туған жері қайқала? ( қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы.)
7. Махмұдтың әкесі кім болған? (белгілі қолбасшы, Барысханның әмірі болған).
Махмұд қайдабілім алған? (Қашқарда дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты - жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен Қашқариді тіркеуінің мәнісі де содан. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапурда, Бағдад қалаларында болады.)
8. Ғалымның туған, өлген жылы белгіліме? (белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды).
9. Қандайтілдерді меңгерген? ( Түркі тілінің сыртында араб, парсы, тілдерін жетік меңгереді).
10. Оны кім деп танимыз?( Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде)
11. Қай халықтың грамматикасын жасады? Махмұд Қашқари – түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи - салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты).
ІІ. Жаңа сабақ: 1. Оқулықта келтірілген мәліметтер бойынша Рабғузи, Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет, оның өкілдері туралы келтірілген мәліметтерді сұрау, оған тән негізгі ерекшеліктерді жинақтату.
Қосымша мәліметтермен білімдерін толықтыру.
Алтын Орда дәуір әдебиеті деп аталуының себебі
1. Қазақстан аумағында ХІҮ ғасырда Алтын Орда мемлекеті құрылды. ХІІІ - ХІҮ ғасырларда Шыңғысхан құрған мемлекеттің қоластына қазіргі Қазақстан, Орта Азия, Солт. Иран, Қапқаз, Қырым қарады.
2. Қазақ жері сол кезде Дешті Қыпшақ аталды. Оған Шыңғыстың үлкен ұлы Жошы иелік етті. Ол Алтын Орда деп аталды.
3. Алтын Орданың астаналары Сарай және Сарайшық қалалары болды.(Астрахань Хажы Тархан маңайында)
4. Алтын Орда ХІҮ ғасырда Көк Орда, Ақ Орда болып екіге бөлінді
5. ХҮ ғасырда Көк Ордадан Қазақ Ордасы бөлініп шықты. Дербес Қазақ хандығы құрылды.
6. Алтын Орда жұрты - түркілер болды. Тілі – түркі, діні - ислам еді
7. М. Әуезов нәзирагөйлік деген, нәзирагөйлік бағытта дамыды.
8. Нәзира араб тілінде жауап деген мағынаны білдіреді. Бір ақынның екінші ақынға жауабы. Бір ортақ тақырыпта жазған ақындардың бір - бірімен шеберлік жарысы.
9. Ол кездегі ортақ тақырыптар - Құран хикаялары.
Рабғузи
Рабғузи (лақап аты; шын аты - жөні – Наср әд - Дин Бурһан әд - Диннің баласы (т.- ө. ж. б.) – 13 ғ - дың аяғы мен 14 ғ - дың басында өмір сүрген жазушы, ойшыл.
Алтын Орда дәуіріндегі әдебиеттің құнды қазыналары
1. Рабғузидің Қисас – ул - әнбиа атты еңбегі 1310 жылы жазылған. Кітапта ежелгі шығыс ертегі - аңыздары, мифтік сюжеттері, әңгіме - хикаялары, өлеңдер жинағы топтастырылған. Кітапта Вавилон мифологиясының көптеген қалыпты сюжеттері бар: дүниенің жаратылуы, жердітопан су қаптауы, Адам мен Хауа ана оқиғалары.
Рабғузидың Қисса - с - ул әнбийя атты еңбегі қазақ әдебиетінің ертедегі нұсқаларының бірі саналады.
Алтын Орда дәуіріндегі (ХІІІ - ХҮ ғғ) туындыларға "Кодекс Куманикус" сияқты авторы беймәлім ескерткіштерді, сондай - ақ Хорезмидің "Мұхаббат - наме", Құтбтың "Хұсрау - Шырын", Сәйф Сарайдың "Гүлистан би - т - түрки", Дүрбектің "Жүсіп - Зылиха", Рабғузидің "Қиссас - ул әнбия" атты шығармалары жатады.
Рабғузидің "Қиссас ул - әнбия" еңбегі
Қисса - сүл әнбийя - Алтын орда мемлекеті тұсында дүниеге келген діни тақырыптағы соқталы дүниелердің бірі.
Аталған жәдігер дүниедегі аңыз - әңгімелерді жинақтап, құрастырған, біраз қиссаларды жазған - Рабғузи. Бұл бүркеншік ат - Рабат оғызы деген сөздердің қысқарған нұсқасы. Шын есімі - Насретдинұлы Бұрһанеддин екен. Тарихта негізінен Рабғузи деген бүркеншік атымен белгілі.
Рабғузи Оғыз Рабат деген қаланың қазысы болған көрінеді. Дерек көздерге қарағанда, шығармасын сол қаланың әкімі Насретдин Тоқбоға бектің өтініші бойынша жазып, кітапты әлгі әкімге сыйға тартқан екен.
ҚАРА СӨЗБЕН ЖАЗЫЛҒАН ЖЫР
Бұл шығармасын көне түрік тілінде жазғандықтан, оны оқып, ондағы қиссалармен танысу сол кездегі түрік тектес тайпалардың ешқайсысына да ауыр болмаған көрінеді.
Қисса - сүл әнбийя - негізінен пайғамбарлар мен әулие - әнбилер өмірі жайлы, сондай - ақ олардың басынан өткерген оқиғаларын баян ететін прозалық шығарма.
Ал тасқа басылған күйінде бізге жеткен, баспа жүзін көрген алғашқы нұсқасы - 1914 жылы Қазан баспасынан жарыққа шыққан жинақ. Кейінірек бұл кітап Ташкент қаласында бірнеше мәрте қайта басылып, ел арасына бұрынғысынан да кең тарала түскен еді.
Қисса - сүл әнбийяның Қазан баспасынан жарық көрген нұсқасына 79 - дай қиссалар мен хикаялар енген екен.
479 беттік бұл шығарма хақында айта келіп, филология ғылымдарының докторы, профессор Бейсембай Кенжебаев Ғылым баспасынан 1973 жылы жарық көрген Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері атты еңбегінде былай дейді:
Оларды, яғни қисса - хикаяларды тақырып мазмұнына, идея - мәніне қарай мынадай үлкен үш топқа жіктеуге болады:
1. Жер, көк, адамзат, хайуанат, жын - шайтан, періштелер, Адам - ата, от, топырақ жайлы түсініктер, мақала, әңгімелер;
2. Әулие - әнбилер, пайғамбарлар, солардың өмірбаяндары, іс - әрекеттері туралы қиссалар, ертектер, аңыздар;
3. Шежіре - яғни мұсылман жыл есебінің, хижраның алғашқы он жылы ішінде болған тарихи оқиғалар, күнтізбе - жыл, ай, күн аттары, назым өлеңдер.
Кітаппен жұмыс. Оқушылармен орындалатын жұмыстар.
І топқа. 1 - әңгімедегі айтылған хикаялар негізінде төмендегі таблицаны толтыр, Лұқман Хакім жайлы әңгіменің тәрбиелік маңызын түсіндір,
Рабғузи әңгімесіндегі адамгершілік идеясы адам қандай болу керек?
Неден сақтану қажет?
ІІ топқа. 2 - әңгімедегі Лұқман Хакім жайлы хикаядан шығатын қорытындыны анықта.
Сұрақ. Неге Лұқман Хакім қойдың тілі мен жүрегін асып берді?
Тілді ң қасиеті мен адамға тигізер зияны жайында қандай мақал - мәтелдер, даналардан шыққан сөздерді білесіңдер?
ІІІ топқа. 3 - әңгімедегі Лұқман Хакім жайлы хикаядан шығатын қорытындыны анықта.
1. Даналық дегенді қалай түсінесің? Барлық адамда бола ма?
Қорытынды. 1. Рабғузи кітабы не жайында?
2. Кітапты кімге тарту еткен? (қаланың әкімі Насретдин Тоқбоға бектің өтініші бойынша жазып, кітапты әлгі әкімге сыйға тартқан екен).
Үйге тапсырма. 1. Рабғузи жайлы деректер негізінде реферат жазу.
2. Рабғузи хикаяларын қазақ ертегілерімен салыстыру.
3. Хикаяларының тәрбиелік маңызын анықтау.