Есепті талдау, шығару

Скачать

Пәні: Математика
Сыныбы: 4 - сынып
Тақырыбы: Қайталау
Мақсаты: Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау, білімдерін бекіту.
Міндеттері: Ауызша көбейту және бөлу дағдысын қалыптастыру, өз бетінше есептей білуге машықтандыру;
Ұқыптылыққа, шапшаң есептей білуге тәрбиелеу;
Ой өрісін, таным қабілетін дамыту;
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Көрнекіліктер: Перфокарталар, суретті кесте, кестелер.
Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Ауызша есептеу.
ІІІ. Есептер шығару
ІV. Қорытынды

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру – оқушылардың, сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру – 2 - 3 оқушыдан сұрау арқылы тексеру.
Ауызша есептеу – геометриялық фигураларда берілген тапсырмаларды орындау, ашылған фигураны белгіленуі бойынша оқу. (слайд бойынша)

ІІІ. Оқулықпен жұмыс.
№ 1. Кестені толтыру. Жұптық жұмыс.
а 135 210 325 380 420 400
а: 5
Орындалған тапсырманы тізбектей оқу арқылы тексеру.
№ 2. Суретті кестемен жұмыс. Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға ауызша бөлуді пысықтау.

№ 3. Бос орындарға тиісті санды қою. Екі қатар өзара жарыса отырып орындайды.
12 сағ =720 мин ---------------- 63 дм 54 см = 6354см
12 сағ 15 мин =735 мин ----------------- 91 м 102 см =9202 см
1 ғасыр 25 жыл = 125 жыл ------------------------- 18 км 560 м =18560 м
№ 6. Кесте бойынша есеп құрастыр және оны шығар:
1 банканың сыйымдылығы Банкалар саны Барлық банкалардың сыйымдылығы
1 банкада-----? л
Бірдей ----4 б. ----- 12 л
8 б. -----? л
Шешуі: 12: 4 =3 (л)
3 *8 =24 (л)
Жауабы: 24 литр

№ 8. Есепті талдау, шығару.
1 - омарта – 59 кг
2 - омарта – п кг? (кг)
3 - омарта -?, 4 кг артық
Өрнек құру: 59+п+59+4 =122+п
п = 62 ---------- 122+62 =184 (кг)
п =67 ---------- 122+67 =189 (кг)
Жауабы: 184 килограмм, 189 килограмм

Бекіту. Кестемен жұмыс. Шаршының ауданын және периметрін табу жолдарын пысықтау.
Шаршының қабырғасының ұзындығы 5 см 8 см 9 см 10 см а см
Шаршы ауданы
Шаршы периметрі

№ 11. Логикалық есеп.
Винни – Пух.
Сыйымдылығы 8 л және 5 л екі шелекті пайдаланып, 6 л балды қалай құйып алады?
8 - 5 =3(л) – осылайша екі рет орындау арқылы құйып алды.
Қорытынды.
Қосымша тапсырма.
№ 12 Ауызша. Кестені толтыру. Көбейту кестесін пысықтау мақсатында орындау.
Үйге: №5, 7 - түсіндіру, талдау.
Бағалау.


Скачать


zharar.kz