Кемеде бір хакім патшаға келіп

Скачать

Бір патша шеттен әкеле жатқан бір құлымен кемеге келіп отырды. Құл бұрын теңіз көрмеген, кеме азабын шекпеген еді. Сабыр ете білмеді. Қатты жылап, дірілдей бастады. Қаншама жылы - жылы сөйлеп, алдап - суласа да, көнбей қойды. Патшаның əбден мазасы кетті. Кемеде бір хакім патшаға келіп: "Бұйырсаңыз, мен оны тыныштандырайын",- деді. "Өте жақсы болар еді",- деді патша. Оны "теңізге тастаңдар",- деді хакім. Хакімнің айтқанын жасады, оны теңізге тастады. Бір рет батып шықты. Екінші рет батып шыққанында, шашын ұстап, кеме жанына келді. Екі қолымен кеме жіптерін ұстап, ішке кірді де, бір бұрышта тып - тыныш отырды. Хакімнің бұл ісі патшаға ұнады да: "Мұнда хикмет не?"- деп сұрады. Хакім: "Бұл тұншығудың бейнетін татпайынша, кеме рақатының қадірін білмейтін еді. Енді бұл ауыртпашылықты көрді. Кеме қауіпсіздігінің қадірін білді",- деді.

Сəйф Сарайи. "Гүлстан би - т - түрки" кітабынан.


Скачать


zharar.kz