Бәйтерековтың Наурыз әнін үйрету

Скачать

Музыка 6 - сынып
I. Сабақтың тақырыбы: Қазақ кәсіби музыка мәдениетінің қалыптасуы. С.Бәйтерековтің Наурыз әнін үйрену
II. Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың халық музыкасы мен кәсіби музыканы ажырата алуына
және музыка жанрларын ажырата алуға үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ән айту қабілеттерін дамыту, музыкаға деген қызығушылығын арттыру. С. Бәйтерековтің Наурыз әнін үйрету.
3. Тәрбиелік: Адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу, эмоциялық көңіл – күйлерін көтеру, жігерлендіру.
III. Сабақтың түрі: Сайыс сабақ. Жинақтай отырып қорытындылау.
IV. Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, баян, суреттер.

V. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңдері.
а Оқушыларды түгендеу.
б Қ. Р. Мемлекеттік әнұранын орындау.

2. Өткен материалдарға шолу жасау.
Н. Шакеновтың сөзіне жазылған Ә. Еспаевтың әні Қазақстан сәлемі әнін қайталап еске түсіру.

3. Жаңа сабақ.
Кіріспе бөлім
Біз өткен сабақтарда Қазақ кәсіби музыка мәдениетінің қалыптасуы тақырыбын кезең - кезеңге бөліп өткеміз. Бүгінгі сабақты сол тақырыпты бекіту мақсатында жалғастырамыз. Сабағымызды Абай атамыздың мынадай өлең шумақтарымен бастаймыз.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй
АБАЙ
Өткен сабақта үйренген әнімізді еске түсіріп, әннің авторларын сұрау және әнді дирижерлық әдіспен орындау.
Әнді үйрену үшін, болмаса орындау үшін нені пайдаланамыз? Нотаны пайдаланамыз. Ендеше адасқан ноталарды ой қозғау сұрақтары арқылы нота сызығына орналастырайық.
Сергіту сәтіне Б. Ғизатовтың әні Сәлем саған, мектебім! әнін топқа бөліп орындату.
Келесі кезекте қай топтың жылдам екенін анықтау мақсатында дыбыстардың аттарын араластыра отырып сөз құрастыру.
Мысалы: РЕ нотасын алатын болсақ,
Ребус
Редиска
Терезе
Резина
С. Бәйтерековтың Наурыз әнін үйрету.

VI. Сабақты қорытындылау:
а Сұрақ қоя отырып сабақты бекіту.
1. Қазақтың кәсіби музыка мәдениетінің ірге тасы қай жылдары қалыптаса бастады? 1920 жылдардан бастап.
2. Халық таланттарының 1 слеті қашан және қай қалада өткізілді?
1919 жылы Верный, қазіргі Алматы қаласында
3. Қазақтың ең алғашқы драмалық қойылымы қалай аталады және оның авторы кім? Еңлік - Кебек М. Әуезов. 1917 ж.
4. Халық арасындағы 1 әншілер конкурсы қай жылы және қайда өткізілді?
1922 жылы Қарқаралы жәрмеңкесінде

5. Алғашқы құрылған үйірме қашан құрылды және ол қалай аталды?
1925 жылы. Халықтық білім институтының үйірмесі
6. Алғашқы музыкалық оқу орыны қашан және қайда ашылды?
1932 жылы. Алматы музыкалық драма техникумы
7. Ұлттық аспапты оркестр қай жылы құрылды, алғашқы дирижері кім болды және ол оркестр қазір қалай аталады?
1934 жылы. Дирижері А. Қ. Жұбанов. Құрманғазы атындағы ұлттық Мемлекеттік Академиялық оркестр.
б Оқушы білімін бағалау.
в Үйге тапсырма беру.
Үйге: С. Бәйтерековтің Наурыз әнін жаттап келу.
г Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен сабақты аяқтау.


Скачать


zharar.kz