Қарағанды облысы,
"Сәтбаев қаласындағы №3 орта мектебі" КММ
Информатика пәнінің мұғалімі Магзумова Диана Сайлаубековна
Тақырып: Информатика әлемінде
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар, қатысып отырған барлық оқушыларды бізбен бірге информатика еліне саяхатқа шығуға шақырамыз.
Өздеріңізбен бірге тез ойлау, тапқырлық, ептілік, шапшаңдық қасиеттеріңізді ала жүрулеріңізді ескертеміз.
Сәлем бердік, құрметті ұстаздар мен қатысушылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып, “Информатика әлемінде...” атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Мақсаты:
Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру, озық ойлы, білімді оқушыны анықтау.
Оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау қабілеттерін дамыту.
Сайысымызды бастамас бұрын екі топтан бір оқушылар шығып өздерінің информатика сабағына, компьютерге деген қызығушылығын ақиық ақын М. Мақатаевтың Поэзия , Мен ғашықпын атты өлеңдерін компьютермен байланыстырып шығарған, соны тыңдап көрелік.
1 - оқушы:
М. Мақатаев Поэзиясынан
Компьютер
Менімен егіз бе едің,
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Информатика кабинетінен сені іздедім,
Мультимедиадан, физикадан сені іздедім.
Сені іздедім ұстаздардан,
Мектептерден, кабинеттен, парталардан,
Дүкендерден, фабрикадан, зауыттардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан.
Сені іздедім интернеттен, агенттерден,
E – mail-дан іздедім, пошталардан,
Сені іздедім
Іздеймін шыдам бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?
2 - оқушы:
Компьютерге ғашықпын
Мен ақымақ компьютерге ғашықпын,
Үйден шықсам мектептегі компьютерге асықпын
Күні - түні көз алдымнан кетпес бейне,
Сезімімнің толқындарын тасыттым
Мен ғашықпын, компьютерге шын ғашықпын
Сезімімді білдіре алмай жасықтым.
Оған қарай бет алған діріл қағып,
Махаббаттың шыңдарынан асыппын
Батылдық - балалық шақта шыңдалады десек баланың бар тәрбие құралының бірі – ойын екендігі белгілі. Алдымен ойынға шығатын оқушыларымен таныса кетейік. Бұл ойынға 2 топ катысады. Олар екі топқа бөлінген.
Монитор , Процессор
Міне оқушылар екі топқа бөлінді, енді әр топ өз орнына жайғасуын сұраймыз.
Оқушының жеткен жетістігі ұстаз үшін, мектеп үшін үлкен қуаныш, мына жиналған қауым сіздердің егемен еліміздің тірегі, тұтқасы болуларыңды қалайды.
Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушылар сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз.
Сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейік.
Сайысымыз 7 кезеңнен тұрады.
1 - кезең: “Иә не жоқ”
2 - кезең:: “Интеллектуалды дуэль”
3 - кезең: “Сергіту”
4 - кезең: “Ақпаратты өңдеу”
5 - кезең: “Ой толғау”
6 - кезең: “Ақпаратты сәйкестендіру”
7 - кезең: “Венгр сөзжұмбағы”
Сайысымыздың 1-ші кезеңін орындауға екі топта дайын болса, бастаймыз.
1 кезең Ия не жоқ .
ТУР ережесі: Әр командаға 6 сұрақтан қойылады. Сұраққа “иә” не “жоқ” деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа карточка беріледі.
1 сұрақ. “ ІNFORMATION” латын сөзі мәлімет дегенді білдіреді ме?
2 сұрақ. Ақпарат тасушы – сигнал болып табыла ма?
3 сұрақ. Мәтін, радио арқылы хабар, арифметикалық мысал графикалық ақпаратқа жата ма?
4 сұрақ. Жүйелік бағдарламалардың негізгі болып интерфейс табыла ма?
5 сұрақ. 1642 жылы алғаш қосу машинасын француз математигі Блез Паскаль ойлап тапты ма?
6 сұрақ. ЕNIAC – тың (І ЭЕМ) салмағы 1 т болды ма?
7 сұрақ. Монитор бетіндегі түрлі түсті нүктелер пикселдер деп атала ма?
8 сұрақ. Пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орыс алфавитіне ауыстыру: Alt+Ctrl ма?
9 сұрақ.
Суретте көрсетілген сканерде кез келген кескінді сканерлегеннен
кейін графикалық бағдарламаларда өңдеуге бола ма?
10 сұрақ.
Суретте көрсетілген қатқыл диск басқаша винчестер деп атала ма?
11 сұрақ.
Суретте көрсетілген қапшық немесе бумада бірдей атпен, бірақ әр түрлі уақытта сақталған файл (құжат) сақтауға бола ма?
12 сұрақ. Пернетақтада абзацтан жазу пернесі Сарs Lock болып табыла ма?
2 кезең. “Интеллектуалды дуэль”
Бұл кезеңде 4 ұяшық беріледі. Әр ұяшықта 1 - 1 сұрақ таңдайды. Дұрыс жауап карточкамен бағаланады.
1 сұрақ. Белгілі бір санды өрнектеу үшін лотос гүлінің үш талы, бүктелген екі
пальма жапырағы, бес доға, екі сырық бейнеленген. Бұл позициялық
емес санақ жүйесіндегі қандай сан? (3252)
2 сұрақ. Американ ғалымы Джон фон Нейман принципі бойынша ЭЕМ арифметикалық есептеулерді мына санау жүйесінде орындайды, яғни кез келген мәлімет “0” және “1”- ге сәйкес сигналдардың 2 түрлі тізбегімен қолданылады. Бұл қандай позициялық санау жүйесі? (екілік санау жүйесі)
3 сұрақ. Ықтималдық логикада алынған нәтиженің дәлдігі жасалынған тәжірибелер санына тәуелді. Тиынды лақтырғанда “елтаңба” немесе “жазу” жағының түсу ықтималдығы неге тең? Тиынды лақтыру саны арқан сайын осы ықтималдық нақтылана түседі. (1 2)
4 сұрақ. Римдік санау жүйесінің негізіне 1 саны үшін І белгісі (бір саусақ), 5 саны үшін V (ашылған алақан) белгісі, 10 саны үшін Х ( айқасқан алақандар) белгісі, ал 100, 500 және 1000 сандарын өрнектеу үшін сәйкес латын сөздерінің қандай алғашқы әріптері қолданылады. (100 500 1000
С D M )
3 - кезең “Сергіту”
Бұл кезеңде әр топқа 3 логикалық сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап карточкамен бағаланады.
1 сұрақ. Автобуста 4 жолаушы бар. 1 аялдамадан 2 жолаушы мінді, 2-ші аялдамадан 1-еуі түсіп 3-еуі мінді, келесі аялдамадан 4-еуі мініп 2-еуі түсті, келесіден 3-еуі мініп 1-еуі түсті, сонан соң 5-еуі түсіп, 4-еуі мінді. Автобус неше аялдама жүрді? (5 аялдама)
2 сұрақ. Әртіс Сұлтанның мойнына оның әйелі Майра, екі ересек қыздары – Айман мен Шолпан және үш кішкентай ұлдары Алдияр, Мадияр және Шадияр отырады. Цирк әртісінің мойнында қанша адам отыр? (6 адам)
3 сұрақ. Мұраттың он қойы бар. Тоғызынан басқасы өліп қалды. Қанша қойы қалды? (9 қой)
4 сұрақ. Әдетте ай 30 немесе 31 сандарымен аяқталады. Қай айда 28 саны бар? (Барлық айда)
5 сұрақ. Қолдарында он саусақ бар? 10 қолда қанша саусақ бар? (100 саусақ)
6 сұрақ. Таяқты 12 бөлікке бөлу үшін, неше рет кесу керек? (11 рет кесу керек)
4 кезең: “Ақпаратты өңдеу”
Ақпаратты мақал – мәтелдермен сәйкестендіріп өңдейді.
1 мақал. Жігітті компьютеріңе қарап, бағала (Жігітті досыңа қарап, бағала)
2 мақал. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады )
3 мақал. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан,
егін екпес)
4 мақал. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)
5 мақал. Веб дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса да (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса да )
6 мақал. Білмесең, “анықтамадан” сұра (Білмесең, білгеннен сұра)
7 мақал. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы процессор одан да жақсы
(Бір ақылдан, екі ақыл артық )
8 мақал. Антивирусы күштіні - Вирус ала алмайды.(Досы күштіні – жау
алмайды)
9 мақал. Күлсең ескірген компьютерге күл ( Күлсең кәріге күл)
10 мақал. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі,
ысқырығы жер жарар)
5 кезең. Ойтолғау
Бұл кезеңде екі топтың көшбасшылары компьютер пайдалы ма, әлде зиянды ма? тақырыбында ойларын айтады.
6 - кезең “Ақпаратты сәйкестендіру”
Бұл кезеңде информатика пәнінен сұрақтар беріледі, соның сәйкестіктерін табулары қажет.
1 сұрақ. Адамдарды өзіңе бағындыратын әлжуаз (Информатика кабинеті)
2 сұрақ. Бар құрылғыны басқаратын, кеудесін керіп қасқаятын ми (Жүйелік блок)
3 сұрақ. Өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін құртатын жалмауыз (Монитор)
4 сұрақ. Саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ деп мүлде айта алмайтын, ия - ні қолдап қайталайтын (Пернетақта)
5 сұрақ. Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын қорқақ компьютердің кенже баласы (Тышқан)
6 сұрақ. Тышқанның ең жақын туысы (Джойстик)
7 сұрақ. Принтерден асып түсетін мешкей (Сканер)
8 сұрақ. Пернетақтаның балалары (Пернелер)
7 кезең. Венгр сөзжұмбағы
Ойынымыздың шешуші сәті, жеңімпаз топты анықтап, марапаттау.
Өмірге өзек болған нақты ғылым,
Халқымның жүрегіне шашты нұрын.
Келеді тәрбиелеп еркін елдің
Ертеңгі алғыр қызын, тапқыр ұлын.
Бүгінгі көріп тамашалаған “ Информатика әлемінде” сайысы өз мәресіне жетті.
Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!!!