Мақсат қою кезеңі. Оқушыларды топқа бөлу

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Т. Айбергенов Ана
Мақсаты: - Ақын өмірімен таныстыру, өлеңді оқи отырып талдау.
- Оқушылардың тіл байлығын дамыту, ғылыми тілде сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
- Адамгершілікке, ананы құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа ұғымды меңгерту.
Сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ - жауап, шығармашылық.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, (слайдтар)
Пәнаралық байланыс: Биология, география, физика, музыка.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Мақсат қою кезеңі
ІІІ. Материалды түсіндіру
ІҮ. Жаңа сабақта түсінгенін тексеру кезеңі
Ү. Бекіту кезеңі
ҮІ. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Үй тапсырмасын тексеру: Күй туралы мәліметті 2 - 3 оқушы оқиды. Дина Нұрпейісованың 8 март күйі тыңдатылады. (Оқушылар күйдің атауы мен авторын табады)
2. Оқушыларды топқа бөлу. (Тақтада мақал - мәтелдер беріледі. Мақалдағы жоқ сөздерді табу арқылы 3 топқа бөлінеді: Мейірім, Құрмет, Парыз. )
Мейірімі мол ананың –
Жүрегі жылы, қолы кең.

Ата алдында - қызмет,
Ана алдында - құрмет.

Ата - ананың қарызы,
Ұрпақтың өмірлік парызы.

IІ. Мақсат қою кезеңі
Оқушылар, бүгінгі сабағымызда көрнекті ақын Төлеген Айбергеновтың өмір жолымен, шығармашылығымен танысамыз. Бұл – бір. Екіншіден, “Ана” атты өлеңін оқимыз және өлеңдегі ақын көтерген өзекті мәселені, оның айтпақ болған ойын, көзқарасын анықтаймыз. Сонымен қатар, аталмыш өлең мазмұнын ашу барысында жүргізілетін түрлі тапсырмаларды орындаймыз, өз пікіріміз бен көзқарасымызды ортаға саламыз.

ІІІ. Материалды түсіндіру
Оқушылар, тақтаға (интербелсенді) назар аударуларыңызды сұраймын. (Слайд №4, 5)

Олай болса, өлеңді алдымен өзім оқимын, содан соң оқушыларға оқытамын.

Түсіндірме сөздік. (Әр топ өздері оқыған шумақтардан түсініксіз сөздерді табады.) Шерменде – қайғы, қасірет, уайым. Пасық – надан, оңбаған, арам. Даналық – кемеңгерлік, ойлылық.
Өлеңге мазмұндық талдау жасатамын.
АНА
Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем,
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.
Бұл шумақ бойынша оқушыларға мынадай сұрақтар қойылды.
1. Ақын адам ағзасындағы анатомиялық атаудан неге жүректі алған? Неге бауыр емес немесе өкпе емес? Неге жүрек? (Оқушылар себебін айтады және Абайдың Он жетінші қарасөзімен дәлелдейді.) (Слайд №6)
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ерманова Ф. Т.
Төлеген Айбергенов Ана . жүктеу


Скачать


zharar.kz