Химия 9 сынып
Тақырыбы: Алюминий және оның маңызды табиғи қосылыстары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Алюминий элементінің периодтық жүйедегі орны, табиғатта кездесуі, алынуы және оның қосылыстарының физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы туралы білім беру;
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын, дүниетанымын кеңейтіп, алюминий және оның қосылыстарының екідайлы қасиеттеріне жаттығулар орындау және оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы білімді дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларға алюминийдің тұрмыста қолданылуын түсіндіріп, оны тиімді қолдануға, берілген тапсырманы тиянақты орындауға, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын педагогикалық технология: интерактивті оқыту технологиясының элементтері
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдістері: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, жоба қорғау, деңгейлік тапсырмалар, зертханалық тәжірибе, ББҮ кестесі, Кубизм әдісі, Иә немесе жоқ ойыны, Артықты тап ойыны
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, үлестірмелі парақшалар, периодтық кесте, бейне материалдар, интерактив тақта, зертханалық құралдар мен реактивтер.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа дайындығын қадағалау.
Үй тапсырмасын сұрау: Сынып оқушыларын Кубизм әдісімен сұрақтар қою арқылы 4 топқа бөлу.
Кальций тобы:
1. Кальцийдің валенттігі мен тотығу дәрежесі қандай?(ІІ, 0,+2)
2. Кальций қандай топта орналасқан?(ІІА)
3. Кальцийге қандай физикалық қасиеттер тән?(күміс тәрізді ақ түсті, жеңіл металл)
4. Кальций неге керосинде сақтайды? (Белсенді сілтілік жер - металы)
Кальций оксиді тобы:
1. Сөндірілмеген әктің формуласы қандай? (СаО)
2. Кальций оксиді қандай қасиет көрсетеді?(негіздік оксид)
3. Кальций оксидін алудың тиімді жолын ата.(әктасты өртеу арқылы)
4. Әкті сөндіру реакциясын жаз. (СаО+Н ₂О Са(ОН)₂ )
Кальций гидроксиді тобы:
1. Кальций гидроксиді қандай заттармен әрекеттеседі?(қышқылмен, қышқылдық оксидпен)
2. Сөндірілген әктің формуласы қандай?( Са(ОН) ₂)
3. Көмірқышқыл газын анықтауда кальцийдің қай қосылысы қолданылады? ( Са(ОН)₂ )
4. Кальций гидроксиді фенолфталейнді қандай түске бояйды?(таңқурай түске)
Кальций тұздары тобы:
1. Кермектік деген не?(судың құрамында кальций мен магний тұздарының көбеюі)
2. Кермектіктің қандай түрлері бар?(уақытша(карбонатты) және тұрақты(карбонатсыз))
3. Ғаныштың формуласы қандай? СаSO ₄*2 Н ₂О)
4. Құрылыс материалы ретінде қолданылатын кальций қосылысын ата.( СаSO ₄*2 Н ₂О, Са(ОН) ₂, СаСО ₃, СаSO ₄*0, 5 Н ₂О)
Жаңа сабақты түсіндіру:
(Миға шабуыл)
Дүниежүзілік өнеркәсіпте темір құймаларынан кейінгі ІІ орын алатын, Ресейде глиний деп аталған, оңай фольга болып жазылатын, екідайлы қасиет көрсететін, ұшақ пен кеме жасауда кеңінен қолданылатын, күмістей ақ түсті жеңіл металл.
А) алтын В) алюминий С) мыс
Жауабы: алюминий
Алюминийге жалпы сипаттама беру(оқушылар мұғалімнің көмегімен орындайды):
А) Периодтық жүйедегі орнын сипаттау.
Салыстырмалы атомдық массасы, реттік нөмірі - Аг - 27; Z(AI)- 13
Период - 3 - период, кіші
Топ - ІІІ топ, негізгі топша ( Атобы)
Атом құрамы -
Электрондық формуласы:
Валенттігі:
Тотығу дәрежесі:
Ашылу тарихын баяндау.
Алюминий латынның алюмен , квасцы - ашудас деген мағынадағы сөзінен алынған. Ерте кезде жылтырауық бояу заттарын алатын қоспаны осылай атаған. Алғаш рет таза алюминийді 1827 жылы 22 қазанда хлорлы алюминийге металл калийді қосып, қыздыру арқылы неміс ғалымы Ф. Велер алған.
Табиғи қосылыстарына тоқталу.
Қосылыс атауы: Формуласы
Ортаклаз, далалық шпат: K ₂O*3AI ₂O ₃*6SiO ₂
Ақ саз: AI ₂O ₃*2SiO ₂*2Н ₂О
Слюда: K₂ O*3AI ₂O₃*6SiO₂*2Н ₂О
Нефелин: Na ₂O*K₂O*AI₂O₃
Боксит: AI ₂O₃*2Н ₂О
Корунд: AI ₂O₃
В) Алюминийдің алынуы. Бокситтен алынады: 2АІ ₂О → 4АІ+3О₂
С) Алюминийдің физикалық және химиялық қасиеттері:
Алюминий күмістей ақ түсті, жеңіл металл. Жылу мен электр тогын жақсы өткізеді, суықтай және ыстықтай өңдеуге икемді.
Иә немесе жоқ ойыны ойналады(жеке жұмыс)
1. Алюминий екідайлы элемент (иә)
2. Алюминий нефелиннен алынады(жоқ)
3. Концентрлі азот қышқылымен әрекеттеспейді (иә)
4. D - элементке жатады(жоқ)
5. ІІІ валентті(иә)
6. Алюминий белсенділігі төмен металдарды тұздарынан ығыстырады(иә)
7. Алюминотермия әдісімен темір алынады(иә)
Алюминий қосылыстарына сипаттама беру:
Негізгі сипаттама:
▪ Al₂ O₃ - Аталуы, физикалық қасиеті: Алюминий оксиді, боксит, глинозем, корунд, ақ түсті қатты зат, суда ерімейді.
Алынуы: 4АІ+3О₂ → 2Al₂O₃
2Al(OH)₃ → Al₂O₃+ 3H₂O
Химиялық қасиеті(екідайлы): Al₂O₃+6HCl→2AlCl₃+3H₂O
Al₂O₃+2NaOH→2NaAlO₂+H₂O
▪ Al(OH)₃ - Алюминий гидроксиді, ақ түсті іркілдек ұйыған айран тәрізді зат.
Алынуы: AlCl₃+3NaOH→ Al(OH)₃+3NaСl
Химиялық қасиеті(екідайлы): Al(OH)₃+3HCl→AlCl₃+3H₂O
Al(OН)₃+NaOH→NaAlO₂+2H₂O
№6 Зертханалық тәжірибе орындау:
Алюминий сульфатының ерітіндісінен сынауыққа құйып алып, үстіне тұнба пайда болғанша натрий гидроксидінің ерітіндісін құйыңдар. Алынған тұнбаны екіге бөліңдер:
а) бірінші сынауықтағы тұнбаға сілті ерітіндісінің артық мөлшерін құйыңдар.
ә) екінші сынауықтағы тұнбаға тұз қышқылының ерітіндісін құйыңдар
Бақылағандарыңды түсіндіріңдер, химиялық реакциялардың теңдеулерін жазыңдар.
AI₂ (SO₄)₃+6NaOH → 2AI(OH)₃ +3Na₂SO₄
Al(OН)₃+NaOH→NaAlO₂+2H₂O
Al(OH)₃+3HCl→AlCl₃+3H₂O
Оқулықпен жұмыс орындалады(жұптық жұмыс):
В тобы №1тапсырма(тотығу - тотықсыздану реакциясын жазу)
В тобы №2 тапсырма
Массасы 20 г темір(III) оксидімен 50 г алюминий әрекеттескенде алюмотермия әдісімен қанша гр темір шығады?
Жауабы: 14г
Деңгейлік тапсырмалар орындау
1 - деңгей
Алюминийдің периодтық жүйедегі орнына сипаттама бер.
2 - деңгей
Al(OH) ₃+2HCl→
Al+HCl→
3 - деңгей
Массасы 5, 4г алюминий темір(ІІІ) оксидімен әрекеттескенде қанша грамм алюминий оксиді түзіледі?
Зат мөлшері 0, 2 моль алюминий тұз қышқылымен әрекеттескенде бөлінетін сутегінің көлемін тап.
Жауаптары:
1 - деңгей
3 - период, кіші;
ІІІ топ, негізгі топша(Атобы);
Аг - 27; Z(AI)- 13
Атом құрамы:
27АІ(13р, 14п) 13е
13
+13АІ ) 2) 8) 3
Электрондық формуласы:
1s²2s²2p63s²3p¹
*1s²2s²2p⁶3s¹3p²
Валенттігі: ІІІ(тұрақты)
Тотығу дәрежесі: 0; +3
2 - деңгей
Al(OH)₃+2HCl→ Al(OH) СІ₂ +2Н₂О
2Al+6HCl→2АІСІ₃+3Н₂
3 - деңгей
(Жауабы: 10, 2г), (Жауабы: 6, 72л)
Алюминий - болашақтың металы тақырыбында жоба қорғау(топтық жұмыс)
Кальций тобы: Алюминий - электротехникада
Кальций оксиді тобы: Алюминий - тұрмыста
Кальций гидроксиді тобы: Алюминий - бағалы тастар құрамында
Кальций тұздары тобы: Алюминий құймалары
Артықты тап ойыны ойналады(жеке жұмыс).
1) Глинозем, боксит, корунд, силумин
2) NaOH, HCl, HNO₃конц., HNO₃ сұй.
3) AlCl₃, Al, Al(OH)₃, Al₂O₃
ББҮ кестесін толтыру.
Үйге тапсырма:
В тобы №4, 5 есеп, С тобы №2, 3 есеп, 170 бет
Құрамында алюминий бар бағалы тастар және олардың қолданылуы(іздену)
Алюминий құймаларының қолданылуына нақты мысалдар келтіру(іздену)
Бағалау: Сабақ барысында жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті, №249 мектеп – лицейдің химия пәнінің мұғалімі
Сыдықова Эльмира Жиентаевна