Тақырыбы: Дауысты дыбыстар
Мақсаты:
1. Білімділік: Дауысты дыбыстар жайлы алған білімдерін кеңейту, тіл дыбыстары және олардың жіктелуін еске түсіру.
2. Тәрбиелілік: Тіл дыбыстарын дұрыс қолдана білуге және ұлттық салт дәстүрді бағалай білуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын дамыту, қазақ тілінде жетік сөйлеуге дағдыландыру.
Түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: Сұрақ - жауап, жаттығу, талдау жұмыстары.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Амандасу, түгендеу.
ә) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй жұмысын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаттығу жұмыстары.
Ү. Үйге тапсырма беру.
ҮІ. Қорытынды.
ҮІІ. Бағалау.
ІІ. Үй жұмысын сұрау.
- Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
- Фонетика дегеніміз не?
- Әліпби туралы не білесіңдер?
- Қазақ тілінде әріптердің жазылуы жайлы не айтасыңдар?
- Қазіргі қазақ алфавитінде неше әріп бар?
- У дыбысының қандай ерекшелігі бар?
- Қазақ тіліне тән дыбыстарды ата.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз. Олар: а, ә, о, ұ, ү, ы, і, е. И, у, э орыс тілінен енген және халықаралық терминдерде кездеседі. Мысалы: кино, ұран, элеватор. И, у дыбыстары төл сөздерде жазылғанмен дербес болып саналмайды. Мысалы: Жи - ж - ы - й, су - с - ұ - у т. б
Жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы, у. Жіңішке дауыстылар: ә, ө, ү, і, е, э, и, у, дыбысы айтылуына қарай бірде жуан, бірде жіңішке болады.
ІҮ. Жаттығу жұмыстары.
Интерактивті тақтада орындалады.
Жаттығу. Жұмбақтарды шешіп, жуан дауыстылардың астын бір, жіңішке дауыстылардың астын екі рет сызыңдар.
1) Ішіне тамақ салынған, Әкесі – тышқан, Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Есігі тастай жабылған. Шешесі – құстан. Мінсең – қанат, сүті дәрі,
(Тоңазытқыш) (Жарқанат) Еті тамақ. (Жылқы)
Жақсы балалар, жұмбақтарды дұрыс шештіңдер. Ал, жылқы жүрісінің қандай түрлерін білесіңдер? Балалар шаршаған боларсыңдар Қаражорға биін билеп бой сергітіп алайық.
2) Салынған Құстан
Түбірі: сал. Түбірі: құс.
- ын, – ған жұрнақтар. – тан шығыс септігінің жалғауы.
3) Әке. Ф. Әке. 3әріп, 3 дыбыс, 2 буын, 2д\ы. 1 д\з.
Зат есім Ә - д\ы. жіңішке, ашық, езулік.
Негізгі түбір К – д\з. қатаң.
Дара Е – д\ы. жіңішке, ашық, езулік.
Жалпы
Сұрағы: кім?
Сөйлемдегі қызметі: бастауыш.
4) Қай жағынан оқысаң да мағынасы өзгермейтін сөздер жаз.
Ана, нан, қазақ, ала, ара, т. б
5) Тапқыр болсаң, тауып көр. Ребусты дұрыс шешсең оқу туралы қанатты сөз шығады.
Кім көп біледі?