Бастауыш сынып мұғалімі: Мамырбекова Ғалия Асанқызы
2 сынып оқушыларының әкелерімен өткізілген әкелер конференциясы
Тақырыбы: Тамырынан нәрлі, құндағынан адал болса!
Мақсаты: бала тәрбиесі туралы ой-пікірлерін ортаға салуға орта құру
Міндеттері:
1. Бір-бірімен пікір алмасады
2. Бала тәрбиесіне көңіл бөлу керектігін ұғынады.
3. Мектеп, ата-ана, мұғалім, бала арасындағы байланысты нығайтуға үлес қосады
Көрнекілігі:мақалдар, баяндама, таспалар, шырақтар, шарлар, үнтаспа, анкета
лық сұрақтар
Барысы: 1. Дөңгелек үстел басындағы кездесу тақырыбы, мақсатымен және кездесуге келіп отырған әкелермен, балалармен, қонақтармен таныстырылады да, анкеталық сұрақтарға жауап алынады.
І. Шаңырақтың мықтылығы уығынан дегендей бір-бір шаңырақтың иелері, балалардың әкелері, №7 мектеп-гимназияның құрметті ата-аналары бүгінгі кездесуді өз балаларыңыз – ұлдарыңыздың сіздерге арнап әзірлеген ата-бабаларымыздан қалған мұралары, мақалдарына құлақ салыңыздар!
Әр бала өз әкесіне арнайы әзірлеген мақалын жатқа айтады да, қолындағы уық орнына таспаны әкесі отырған орындыққа байлайды.
Басшысы әлсіз болса, елден береке кетеді,
Отбасы әлсіз болса, төрден мереке кетеді.
Отбасы отағалары, сіздер, әр үйдің төрінде әлсіз болмай, мықты болып, үйлеріңізде күнделікті мереке болса деген ниетпен ұлдарыңыз шаңырақты таспамен байлап бекітіп, шармен безендіріп отыр
ІІ. Ел ертеңі бүгіннен басталады, елдің ертеңі болар ұрпақты тәрбиелеп отырған білім ордасының басшысына сөз беріледі
ІІІ. Сол ұрпақтың тамырынан нәрлі, құндағынан адал болсын десеңіздер мына баяндаманы тыңдауға шақырамын (баяндама оқылады)
Баяндама: Тамырынан нәрлі, құндағынан адал болса...
IV. Ой бөлісу
Әке парызы дегенді қалай түсінесіздер? Әр шаңырақ иесі өз ойымен бөліседі
V. Топқа бөліну
Жандарына жапсырылған шарлар түсіне байланысты 4-топқа бөлінеді.
Әр топқа шығармашылық тапсырмалар беріледі.
1 – топ: Әке - бала мақтанышы бүгінгі тақырыпқа сай тәрбие негізінде өлең жолдарын арнайды
2 – топ: Әкеге қарап .....
Шешеге қарап ..... мақалын қалай түсінесіз? Сіздің пікіріңіз?
3 – топ: Мен балама қуаныш сыйлаймын, дұрыс тәрбие бере аламын әкелерге үндеу – насихат түрінде өз ойларын жазады.
4 – топ: Бүгінгі кездесуден алған әсерім .
Не ұнады? Не үйрендіңіз? Алған әсерлеріңіз?
Тапсырмаларға түсінік беріледі. Өз ойларын жинақтап, қағаз бетіне түсіреді
– жекелей ойлану
– жұпта ақылдасу
– топта ортақ пікірге келіп, ойларын қағаз бетіне түсіреді, бет әзірлейді
– әзірлеген бетті қорғайды
VI. Қорытынды жасалады.
Тамырынан, яғни туғаннан дұрыс нәрлі, тәрбиелей білсек, құндағынан адал, яғни дұрыс тәрбие алған әр сәби, әр бүлдіршін ертеңгі елін ойлайтын саналы азамат болары сөзсіз.
Көп рахмет!