Әйтеуір бір кезде сөзшең молда Қожаға бұрылып

Скачать

Қожанасыр туралы әзілдер

Бір күні үйге кіріп келген Қожанасырдың баласы үйдің бұрышына тығылып отырғанын әкесін көріпті де: - Әкетай, сіз әлдекімнен тығылып отырсыз ба? – деп таңдана сұрапты.
– Иә, мен бес уақыт намаздан тығылып отырмын, балам! – депті.
- Есікті қаттырақ жап, әйтпесе азаншының дауысы естіліп қалып, мешітке баруыма туралы келеді деген екен.

Бірде Қожанасыр тойға барыпты, онда көп сөйлейтін молданы кездестіріпті. Молданың көп мылжыңынан шаршаған халықтың көпшілігі үйден шығып кетіпті. Әйтеуір бір кезде сөзшең молда Қожаға бұрылып: - О құрметті, Қожеке, сіз келгелі бері үндемедіңіз ғой, тіліңіз байланып қалғаннан сау ма?- депті. Сонда Қожа: - Егер менің тілім сіздің тіліңіздей ұзын болса, баяғыда кесіп алып, қоқысқа лақтырып жіберер едім,- деген екен.

Бір күні Қожа қала басқарушысына келіпті. Оны көрген қала басқарушысы Қожадан сұрапты: - Сіз бізге келдіңіз бе?
Сонда Қожа айтыпты: - Е, мына есегім қайта - қайта қақсап қоймайды, достарыма ертіп апар, - деп. - Содан сізге ертіп келе жатқаным, - деген екен.

Баяғыда ел билеуші Әмірші Қожаға сұрақ қойыпты: - Өсек айтатын адамға қандай қатал жаза қолдануға болады?
Сонда Қожа: - Өсекті тыңдаған адамның құлағын кесіп тастау керек, - деген екен.

Өзіңіз білетін әзіл әңгімелер болса, пікір қалдыру жолына жазып қалдыруға болады, сайтта жарияланады.


Скачать


zharar.kz