Ескен Елубаевтың өлеңі
Отыр Өркен есептеп,
Бөліп жүйе - жүйеге:
Мініп көрдім есекке,
Мініп көрдім түйеге.
Атты қойшы, ол оңай,
Оған кімдер мінбеген?
Автобус та дәл солай,
Онымен кім жүрмеген?
Поезға да түскен ол,
Астанаға барғанда.
Самолетпен ұшпадым,
Әлі – бір , - деп арманда.
Көкке жетіп қиялы,
Ол армандап жүргенде,
Жұрт алдында ұялып,
Қалатынын білген бе?
Екісін жою қажет, - деп,
Суретін сап бір қызық,
Қойыпты оны газетте
Тасбақаға мінгізіп.
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан
Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері