Аралар ойыны

Скачать

2 – ші кіші топ
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
Білімдік аймағы: Таным
Бөлімі: Экология

Тақырыбы: Жәндіктер әлемі
Мақсаты: Б. м: Жәндіктер әлемімен таныстыру. Ара, құмырсқа, өзіндік
ерекшеліктерімен таныстыру. Д. м: Балдың денсаулыққа пайдасы туралы, құмырсқаның еңбекқорлық қасиетін түсіндіру. Т. м: Жәндіктерге деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: қою, сұйық, араның үйі омарта
Қостілдік компонент: ара – пчела, бал – мед, құмырсқа – муравей, көбелек – бабочка
Керекті құралдар: Жәндіктер суреттері, араның үйі омарта, құмырсқа илеуі
Іс - әрекет кезеңі. Тәрбиешінің әрекеті
Шаттық № 35
Балдырған баламыз,
Қашан да, қайда да,
Достар бір - біріне
Сенімді боламыз

Ұйымдастырушылық – ізденушілік
1) Жұмбақ жасыру: Балалар мына жұмбақтың жауабын дұрыс тапсаңдар, бүгінгі әңгімеміз не жайлы екенін білесіңдер?
Ызыңдап ән салады
Жұп – жұқа қанаты
Тәттіге тамсанып
Қоқысқа қонады Ол не? Шешуі: Шыбын
Гүлдерге қонады
Шырынын сорады
Түр – түсі сары – ала
Бұл не? Шешуі: Ара
Қылдай белі бүгілген
Өзінен де жүгі үлкен. Ол не? Шешуі: Құмырсқа
- Бұл жұмбақтар не жайлы, оларды бір сөзбен қалай атайды?
- Жәндіктер
- Балалар тағы қандай жәндіктерді білесіңдер? - Құмырсқа, көбелек, шыбын, ара
- Жәндіктердің аяғы нешеу? 4, 2, 6
- Олар иісті сезе ме? - Дәмді иісті мұртшаларымен сезеді
- Ұша алатын (секіретін, жорғалайтын) жәндіктерді атаңдар.
- Шегіртке, инелік, қоңыз, маса т, б
- Ең мазасыз жәндікті кім біледі? – Шыбын
- Қалай ойлайсыңдар, ара пайдалы жәндік пе, әлде зиянды жәндік пе?

2) Аралар ойыны: Ойынды бастамас бұрын балалармен пікір алмасу жүргізу.
- Гүлзардағы гүлдерден қандай араларды көрдіңдер? - Олар қалай ызылдайды?
- Аралар гүлдерден бал жинайды. Оны аю жақсы көреді. Ол омартадағы балды жеуге тырысады. Аралар оны жолатпайды.
(Балалар араның Ыз – ыз – ыз – ызыңдағанын келтіреді)
- Тағы қандай жәндікті еңбекқор деп айтуға болады?
- Құмырсқаны
Құмырсқаның үйі неге илеу деп аталатынын түсіндіреді. (Құмырсқа суреті көрсетіледі) Біреуі илеу салады, бірі илеуге кіріп – шығатын жол салады, азық тасиды)
- Қалай ойлайсыңдар, құмырсқалар жалғыз тұра ма, әлде топтанып па?
- Құмырсқа қысқа азық жинай ма?
- Құмырсқаның илеуін бақылап, жауынның жауатынын қалай білуге болады? (илеуге кіретін тесікті бекітіп тастайды)

3) Ой тастау:
- Егер жәндіктер жер бетінен мүлдем жойылып кетсе, не болар еді?
- Жазда қандай жәндіктерді кездестірдіңдер?
- Жазда олар көп бола ма?
- Жәндіктер қайда қыстайды? Кейбіреуі құрт, қуыршаққа айналады, ал үлкендері өледі. Кейбіреуі тасалау жерге тығылып, ұйқыға кетеді.

4) Көзге арналған жаттығу: Көбелектің сендермен ойнағысы келеді. Сендер оның қалай ұшатынын байқап, көздеріңмен артынан ілесіп отырыңдар. Көбелек жоғары, төмен, оңға, солға ұшады.
- Көбелек қайда ұшты? Жоғары, төмен, оңға, солға. Балалар көбелек сияқты ұшады, гүлге қонады, шырынын ішеді, ұшып қайтадан орындарына отырады.
Рефлективтік - түзетушілік
Ұ. о. іс – әрекетін қорытындылау: Қиынды суреттер ойыны. Араның, көбелектің, құмырсқаның суреттері 2, 3, 4 бөлікке қиылған. Балалар қиындылардан жәндіктердің суретін құрастырады.

Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: Жәндіктерді қорғауды аялауды білуі керек
Нені игереді: Жәндіктерден достықты, еңбекқорлықты үйренуді меңгерді
Нені біледі: Кез – келген жұмысты достарымен бірлесе істеген оңай екенін білді


Скачать


zharar.kz