Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы
МКҚК "Айгөлек" балабақшасы тәрбиешісі
Жадырасын Джумагазиева
Тақырыбы: Жомарт күздің жемістері
Білім беру саласы: Қатынас , Шығармашылық , Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Өнер, Көркем әдебиет, Ғылым, Ойын
Білімділік: Балаларға күзгі табиғат ерекшеліктері туралы түсінік беру, жемістер туралы білімдерін кеңейту ойынға деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Балалардың іскерлігін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, дамыту танымдылық белсенділіктерін, өз ойын анық, нақты жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету. Өздігінен еңбек ету қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Балаларды өзара топпен жұмыс істеу дағдысына және өзара көмекке тәрбиелеу.
Өз пікірін айта отырып, басқалардың пікірін тыңдауға және еңбек сүйгіштікке, өзгенің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Жаңа сөз: apple - яблоко, pear - груша, carrot - морковь, cucumbers - огурцы, grapes - виноград
Көрнекіліктер: дидактикалық ойындар
Көркем әдебиет орталығының көрнекіліктері: Орталықтарға арналған текшелер және киімдер, ноутбок, жемістер мен көкөністердің суреттері, дидактикалық материалдар
Ойын орталығы: Орталықтарға арналған текшелер және киімдер,
Қажетті құралдар: алма, алмұрт, банан, апельсин, йогурт, таразы
Ғылым орталығы: Орталықтарға арналған текшелер және киімдер
Қажетті құралдар: екі түрлі алма, шырын езгіші, апельсин
Алдын ала жұмыс: алмаға қадалған шегелер
Өнер орталығы: орталықтарға арналған текшелер және киімдер, жемістер мен көкөністер муляжы
Қажетті заттар: әр балаға жеке майшам, альбом беті, түрлі түсті карандаштар, көк түсті акварель бояу, қол сүртетін шүберек.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің барысы:
Тәрбиеші: (балаларды ертеңгілік жиынға жинайды)
Шаттық шеңбері:
Алақанды ашайық,
Күн нұрын салайық,
Жүрек жылуын салайық,
Жиналған жылу шуақтарды,
Қонақтарға шашайық.
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз
Тәрбиеші: Күз мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіндер?
Балалар: Жаңбыр жауады, салқын болады
Тәрбиеші: Тағы қандай өзгерістер болады?
Балалар: Жемістер мен көкөністер піседі
Тәрбиеші: Балалар жемістер қайда өседі?
Балалар: ағашта, бау-бақшада
Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз сендермен Жомарт күздің жемістері тақырыбында Көркем әдебиет орталығында жемістер мен көкөністерді үш тілде айтып үйренеді. Ғылым орталығында алманы зерттейміз. Ойын орталығында жемістерден дәмді салат жасайсыңдар. Өнер орталығында ағаштағы алманы балауыз шамының көмегімен саласыңдар.
Өз қалауымыз бойынша текшелерді алып орталықтарға бөлінеміз. (өз қалаулары бойынша әр орталықтың текшелерін алып, бөлінеді)
Ғылым орталығы:
Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: күз мезгілі.
Тәрбиеші: Күзде қандай жемістер мен көкөністер піседі?
Балалар: алма, алмұрт, өрік, картоп, пияз, қарбыз, қызанақ, қияр
Тәрбиеші: Жемістердің денсаулыққа пайдасы өте көп. Біз жемістерді көп жесек ауырмай үлкен болып өсеміз. Біз жемістерден жеміс шырынын аламыз. Балалар жемістер бізге үлкен еңбекпен келеді Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей .- демекші жемістерді біздер егеміз, суарамыз, баптаймыз. піскеннен кейін жинаймыз.
Тәрбиеші: Балаларға жұмбақ жасырады.
Әрі қызыл, әрі тәтті,
Жеген жанды таңырқатты.
Балалар: Алма
Тәрбиеші: Балалар мынау алма
Тәрбиеші: Балалар алмадан салаттар, алманың шырынынан сок жасайды, варенье жасайды
Тәрбиеші: Балалар сендер алманың қасиеттерін білесіңдер ме?
Балалардың жауабы
Тәжірибе жасау: Балалар өткен оқу іс - әрекетінде ғылым орталығында алмаға қандай тәжірибе жасадық.
Балалар: алмаға шегелер қададық
Тәрбиеші: Сол кезде біздің алмамыз өзгерген жоқ, ал енді сол алмаларымызды алып қарайықшы. Тәрбиеші шеге қадалған алманы шығарып шегелерін алып тастайды. Балаларға көрсетеді
Тәрбиеші: Балалар алманың түсі өзгерді ме?
Балалар: ия
Тәрбиеші: Қандай түс болды?
Балалар: қарайып кетті
Тәрбиеші: Балалар себебі алманың бойында темір көп, одан басқа да алманың құрамында А, С, Е дәрумендері болады.
Балалар мынау көк және қызыл алмалар мына алманың ортасынан бөліп алып шеге тығып көрейік, алмамыз қандай болды?
Балалар: Қарайып кетті
Тәрбиеші: Неліктен қарайды деп ойлайсыңдар себебі алманын бойында темір көп.
Алманың құрамында А, С, Е дәрумендері бар.
А дәруменi - ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі.
Тәрбиеші: Біз тәжірибе жасау арқылы алманың құрамында темірдің көп екенің байқадық. Балалар алмадан тағы нелер жасауға болатының білесіндер ма? Алма шырының жасауға болады.
Балалар мына езгіштен алма шырының жасайық.
Тәрбиеші: Дайын болған шырынды ыдыстарға құйып, балаларға ұсынады.
Балалар: Алма шырынының дәмін татады
Тәрбиеші: Балалар енді алма, алмұрт, банан, апельсин жемістерін қосып езгіштен өткізейік ол мульти дәруменді шырыны болады. Балаларға мульти дәруменді шырының ұсынады.
Балалар: Алма шырынының дәмін татады
Тәрбиеші: Балалардан ерекшеліктерін сұрайды?
Балалар: алма шырыны тәтті, мульти дәрумені бар шырын қышқыл
Тәрбиеші: Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр
Дидактикалық ойын: Дәміне қарай ажырат
Мақсаты: Жемістердің аттарын атап, қышқыл, тәтті, дәмдерін ажырата білуге үйрету.
- Балалар біз сендермен нені бақыладық?
- Жемістер мен көкөністер қай уақытта піседі?
- Алмадан нелер жасалынады?
- Алманың құрамында қандай дәрумендер бар?
Осымен оқу іс - әрекетіміз аяқталды.
Ойын орталығы:
Тәрбиеші: Балалар қазір қай жыл мезгілі?
Балалар: Күз
Тәрбиеші: Күзде нелер піседі?
Балалар: Күзде жемістер мен көкөністер піседі.
Тәрбиеші: Жемістер мен көкөністер қайда өседі?
Балалар: Баубақшада
Тәрбиеші: Балалар қазір біздер Отбасы және Дүкенші сюжетті рөлдік ойындарын ойнаймыз.
Тәрбиеші: Балаларды өз қалаулары бойынша рольдерге бөледі.
Тәрбиеші: Балаларға жемістерден дәмді салат жасап береді
- Балалар біздер жемістерді қайдан алдық?
- Балалар біздер жемістерден не жасадық?
Осымен оқу іс - әрекетіміз аяқталды.
Көркем әдебиет орталығы
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз
Тәрбиеші: Күз айында неше ай бар?
Балалар: Үш ай
Тәрбиеші: Қане маған атап беріңдерші?
Балалар: Қыркүйек, Қазан, Қараша
Тәрбиеші: Күз мезгілін және оның ерекшеліктерін айтып, үш тілде қайталатады. (Күз, Осень, Autumn)
Балалар: қайталайды
Тәрбиеші: Күз мезгілінде нелер піседі?
Балалар: Жемістер, Көкөністер
Тәрбиеші: Жемістер мен көкөністердің аттарын атайықшы?
Балалар: Алма, алмұрт, сәбіз, қиар, картоп, жүзім
Тәрбиеші: Балаларға алманы, алмұртты, сәбізді, қиарды, жүзімді үш тілде айтқызады
(Алма - apple - яблоко, алмұрт - pear - груша, сәбіз - carrot - морковь, қияр - cucumbers - огурцы, жүзім - grapes - виноград)
Тәрбиеші: Балалар мен сендерге Әнуарбек Дүйсенбиевтің Не деу керек? өлеңін мәнерлеп оқып береді, балаларға жаттатады.
Апаң сенің базардан,
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын
Саған таңдап әперді,
Не деп барып жеу керек?
Рақмет! Деп жеу керек.
Тәрбиеші: Жемістер қайда өседі?
Балалар: Ағашта
Тәрбиеші: Ал көкөністер қайда өседі?
Балалар: Бақшада
Дидактикалық ойын: Жемістер мен көкөністер
Мақсаты: Жемістер мен көкөністерді аттарын атап, оларды ажыратып орналастыра білуге жаттықтыру.
- Күз айын үш тілде айтайық?
- Біз не туралы тақпақ жаттадық?
- Алманы үш тілде қалай атайды?
Өнер орталығы:
Тәрбиеші: Балаларға жұмбақ жасырады.
Қызыл, жасыл, сары түсті
Пішіні оның домалақ
Жегенде дәмі тім тәтті
Балалар: Алма
Тәрбиеші: Алма жеміс пе әлде көкөніс пе?
Балалар: Жеміс
Тәрбиеші: Неге деп ойлайсыңдар?
Балалар: себебі ол ағашта өседі
(Осы кезде қуыршақ Айгүл келеді)
Тәрбиеші: Балалар бізге қуыршақ Айгүл қонаққа келіп тұр қане амандасайық.
Балалар: Сәлеметсіз бе
Тәрбиеші: Балалар қараңыздаршы қуыршақ Айгүл өзімен бірге күзгі алма ағашының суреті салынған суретті алып келіпті. Айгүл күзде піскен алмаларды қандай түспен бояйтынын білмей бізден көмек сұрап келіп тұр. Айгүлге көмектесеміз ба?
Балалар: ия
Тәрбиеші: Балаларға өздері қалаған түстерімен алма ағашын бояуды ұсынады.
Балалар: өз бетімен жұмыс жасайды.
Тәрбиеші: Балалар біз өзіміз бояған алма ағашымызды қуыршақ Айгүлге көрсетейік.
Балалар Айгүлмен қоштасады.
- Балалар сендер алма ағашын нелермен боядыңдар?
- Алманың түстері қандай болады?
Балалар әр орталықтардың текшелерін өз орнына салып, шеңберге тұрады.
Тәрбиеші әр орталықтан бір сұрақтан қоя отырып, қорытындылайды.
- Қандай жемістерді бақыладыңдар?
- Жемістерден нелер жасадыңдар?
- Алма қандай?
- Алма ағашын немен салдыңдар?
- Не туралы тақпақ жаттадыңдар?
- Осымен ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіміз аяқталды.