Тауларды картадан тауып географиялық орнын анықтауды, кескін картаға тауларды түсіруге дағдыландыру

Скачать

Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға таулар, таулардың пайда болуы, биіктігіне қарай бөлінуі туралы мағлұмат беріп, айырмашылықтарын ажыратуды үйрету;
Дамыту: Тауларды картадан тауып географиялық орнын анықтауды, кескін картаға тауларды түсіруге дағдыландыру;
Тәрбиелік: Таулардың табиғатының әсемдігін таныта отырып, табиғатты аялап қарауға тәрбиелеу.
Жаңа сөздер: Тау жотасы, таулы өлке, тау торабы, таудың шыңы
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, жартылай ізденіс
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, атлас т. б.

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту, топқа бөліп орналастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Географиялық диктант
1 - тапсырма.
1. Көмейінен ыстық газ, бу, күл, тас, т. б. тау жыныстары атқылап тұратын конус формалы тау —————— (жанартау)
2. Көмейдің жоғарысындағы тостаған тәріздес ұңғы ———— (кратер)
3. Жанартаулар нешеге бөлінеді —————-(2)
4. Сөнген жанартаулар ————— (Эльбрус, Казбек)
5. Сөнбеген жанартаулар ————— (Ключи шоқысы)
6. Фудзияма жанартауы ——————— (Жапонияда)
7. Кейбір аудандарда жерасты суының температурасы жоғары болып,
құрамында әртүрлі еріген тұздар мен газдар кездесетін сулар —(минералды сулар)

2 - тапсырма.
Жанартаудың құрылысын түсіндір:
а -(кратер)
ә -(көмей)
в -(магма ошағы)
б -(бүйірлік кратер)

Қорытындылау.
Жұмбақ жасыру.
Аспанмен астасқан,
Күнмен барып достасқан,
Биік - биік асуды,
Не деп айтам, табыңдар?
( Тау)
- Тау. Яғни, біздің бүгінгі жаңа сабағымыз не жайлы болмақ?
- Дұрыс. Бүгінгі тақырыпты жазып алыңдар.


Скачать


zharar.kz