Торпақ жұлдызына мінездеме
Торпақ күшті де табанды болғанымен көпшіліктің арасынан қарапайым байқаусыз тұрған жанның осы жұлдызға тән екеніне таң қаласыз. Торпақ даңғаза жиындарда болуды аса ұнатпайды, осы жайсыздықтан құтылып, тезірек кетіп қалуға асығады. Ол өзінің жақын достарының арасында ғана өзін жайлы сезіне алады, ол қанша көңілді болғанымен әңгімешіл, қызуқанды деп атауға келмейді. Оның сөзге сараң және баяу қозғалысының астарында тиянақтылық пен бірізділік жатыр.
Қажырлы торпақтың өмірдің барлық саласында ұстанатын ұраны: Баяу бірақ қатесіз .
Егер торпақ бір іс бастаса немесе бірдеңеге кәміл сенімді болса, оны ойынан қайтару мүмкін емес. Сіз оған ұрсып айттыңыз немесе сағаттап отырып жалынып ойының дұрыс еместігін дәлелдемек болғаныңызбен, ол өзіне тән сабырлы қалпынан өзгермейді және ойын да өзгертпейді. Егер оның шындығына сіз күмәнмен қарайтын болсаңыз, ол өзінің дұрыстығын дәлелдеу үшін шектен шығып кетуі мүмкін. Анығында ондай жағдайлар өте сирек, әдетте байсалды, салмақты торпақ ашуланса – өте қорқынышты.
Торпақтың қырсық, қыңыр мінезі өзіне бағынбайтын жағымсыз тұсы. Өжет те сабырлы қалпынан таймаған торпақ, кедергілерді батыл қадам жасау арқылы жеңіп, алға қойған мақсатына жетеді. Басқалар он рет құлап, сынып, кейін шегініп жатқан кезде, табанды торпақ өз дегеніне қол жеткізбейінше, тоқтамайды.
Бойында сондай ептілік қасиет бола тұрып, өзіне сенім артуы таңқаларлық емес. Ұжымда көшбасшы болуға ұмтылмайды, өз жұмыс учаскесі үшін ғана жауапты болуды дұрыс көреді.
Оның тәуелсіздігі және қажырлы еңбегіне қарап, таптырмас қызметші деуге болады, кез келген сәтсіздікке шыдамды, бәрін басынан бастауға қорықпайтын қасиетімен көпшілікті тәнті етеді.
Дегенмен, қажырлы еңбегі мол табыс әкелуін шын қалайды, азға қанағат ету торпаққа тән емес. Ол ысырапқа қарсы болғанымен, баршылықта, жайлы өмір сүруді қалайды.
Оның жайлы өмір туралы түсінігіне көп нәрсе кіреді: торпақ ыңғайлы да рахат өмірді бағалайды, махаббат ләззаты, дәмді ас, жаңа көлік, зәулім үй.
Материалдық жағдайын жақсартуда өз табандылығы мен қажырлы еңбегі нәтижесінде қажеті капиталды жинақтай алады. Оның ұзақ уақыт бойы армандағаны: жанұя, молшылық, жайлы үй – бәріне талпынғаны нәтижесінде жетеді.
Ең бастысы торпақтың жеткен жетістіктерінен өзге, жүрегінде мәңгі келісім мен тепе - теңдік патшалық құрады.
Торпақтың ғаламшары – тамаша Шолпан – сүю, жақсы көру, романтика мен өнерге бейімділік береді, оның табиғи күші – Жер. Жер – аяғынан нық тұруды білдіреді.
Өзіне сенімді, байыпты, табанды, ынтымақшыл, мақсаты айқын және өзінің өмірден не қалайтынын анық білетін – Торпақ көздеген мақсат - мұратына жетуде, биік шыңдарды бағындыруда асықпай, барлық мүмкіндікті пайдаланады.
Оның ішкі күші тауды қопаруға да мүмкіндік береді, сондай - ақ табандылығының арқасында олар үшін алынбайтын асу жоқ.
Басқа белгілерді қарау