Сабақтың тақырыбы: Көктем – ана, қыздар – гүл.
Сабақтың мақсаты: Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Аналарына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Мейірімді болуға, ата – ананы құрметтей білуге тәрбиелеу. Өнерлерін ортаға салу.
Сабақтың көрнекілігі: Көктем – ана, қыздар - гүл қабырға газеті, нақыл сөздер.
Сабаққа қажет құрал – жабдықтар: теледидар, ДVД, қайшы, түсті қағаз, қағаздар, фломастер, түсті қарындаштар.
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Құрметті аналар, аяулы қыздар. Көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын. Бүгінгі Көктем – ана, қыздар - гүл атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
1 - оқушы: Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Хор: Туған күніңмен .
Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымыз көңілді, қызықты болу мақсатымен өлең, жыр, билердің арасында аналарға, әжелерге, қыздарға арналған шағын сайыстар өткіземіз. Жеңімпаздарды мақтау қағазымен марапаттаймыз.
2 – оқушы: Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғына күйетұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
3 – оқушы: Кім сендерді, балалар, тербететін
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін.
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
1 - сайыс. Ортаға 5 ана шығады көздерін жауып, баласының қолынан табу. Мақтау қағазын, Ең балажан ана атағын беру.
Ән. Анашым .
4 - оқушы: Бойға қуат береді
Әй, жарайсың дегені.
Мен анамнан әр кезде
Соны естігім келеді.
5 - оқушы: Сабағымнан қалмаймын
Бес аламын бәрінен.
Озат оқып әрдайым
Қуантамын анамды.
6 - оқушы: Қамқорсың ана өмірде
Қуатым сенсің көңілге.
Әлпештеп мені өсірдің
Ұшармын ертең көгінде.
2 - сайыс. Суретші ана көздерін жауып өз баласының суретін салу.
Ән. Бала тілегі .
7 - оқушы: Ана дейміз бәрімізде аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген – бәйтерегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
8 - оқушы: Ана деген – асыл жандар болаттай
Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл – ойды тонатпай.
3 - сайыс. Әнші ана бесік жырын айтып жарысу.
9 - оқушы: Менің әжем, бұл әжем
Айтқан сөзі дәл әжем.
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әжем.
10 - оқушы: Менің әжем, нар әжем
Көп жасаған кәрі әжем.
Ауырғанда мен үшін
Әр сүйгені дәрі әжем.
11 - оқушы: Менің әжем, жыр әжем
Шуағы мол, нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп
Аман – есен жүр, әжем!
4 - сайыс. Ең шебер әже түсті қағаздан әжелер ою ояды.
Би. Қазақ биі орындайтын: қыздар тобы.
12 - оқушы: Әже маған үлгі сөзіңіз
Өнегесіз өзіңіз
Жақсылыққа талпынып
Біздің нағыз кезіміз.
Жақсы деген немене
Жаман деген немене,
Осындайда, әжетай
Айтыңызшы өнеге.
5 - сайыс. Ең мейірімді әже немересіне еркелететін сөздер айту.
(балапаным, қошақаным, ботам...... т. с. с.)
Ән. Асыл әже .
13 - оқушы: Бүгін наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.
14 - оқушы: Ардақты аналар! Шын жүректен, өз қолымызбен жасаған шағын
сыйлығымызды қабыл алыңыздар.
(сыйлықтарын ұсынады).
15 - оқушы: Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап
Мерекесін тойлаймыз.
(ұлдар қыздарға дайындаған сыйлықтарын ұсынады).
Ән. Қыздар - ай .
Соңында құттықтау сөздер аналарға беріледі.