Сыныбы: 6
Сабақ тақырыбы: Қыс. Қыс айлары. Зат есім.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: ЖИГСО әдісін қолдана отырып, оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту, тақырып бойынша жаңа сөздерді игерту, сөздік қорын байыту,
Зат есімді қайталап отырып, Кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарын дұрыс пайдалануға, жалпы мен жалқы есімдерді ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту. Ұжымдық жұмыс жасау арқылы сабаққа қызықтыру. Ой - өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушылардың қазақ тіліне, туған жеріне, табиғатына деген аялы көзқарастарын қалыптастыру.
Әдіс - тәсілдері: ЖИГСО, сұрақ - жауап, Венн диаграммасы, постер қорғау, мюнстернберг, класстер толтыру.
Көрнекілігі: Қыс суреттері, сызба, жаңа сөздер, бағалау парағы.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. а) Амандасу Ә) Түгелдеу
II. Психологиялық кезең.
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз.
III. Үй тапсырмасын тексеру
IV. Қарлы кесек ойыны: оқушылар өткен сабақ бойынша Туған жер , Отан тақырыптарында мақал - мәтел айтып жарысады. Қарды қағып алған оқушы тоқтап қалмай мақал - мәтел айту керек.
Ой қозғау.
Сұрақ - жауап
1. Жыл мезгілі деген не?
2. Сен қандай жыл мезгілін ұнатасың?
3. Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігі?
V. Жаңа сабақ:
а) Жұмбақ шешу арқылы тақырыпты ашу:
ҚЫС АЙЛАРЫ
↓
желтоқсан, қаңтар, ақпан
ә) Диалог
- Қыс мезгілі қай айдан басталады? (желтоқсаннан)
- Жыл басы қай айдан басталады? (қаңтардан)
- Әр айдың өз ерекшеліктері болады. Олар қандай ерекшеліктер?
Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.
Мысалы: құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады.
Мағынасына қарай:
Жалпы (нарицательное)
Мысалы: теледидар, үстел.
Жалқы (собственное)
Мысалы: Алматы, Татьяна, Қазақстан.
Деректі (конкретное)
Мысалы: үй, өзен, сиыр.
Дерексіз (абстрактное)
Мысалы: ақыл, ой, күн.
Жанды (одушевленное)
Мысалы: оқушы, мұғалім, адам.
Жансыз (неодушевленное)
Мысалы: кілем, тақта, қарындаш.
VI. Сөздікпен жұмыс.
Жаңа тақырыпта кездесетін жаңа сөздермен таныстырып, олармен сөз тіркестер мен сөйлемдер құрастыру.
Үлгі: қысқарады
Күн қысқарады.
Қыста күн қысқарады.
Қыстыгүні – зимой
бейнелеу – описывать
Аяз – мороз
сырғанау – кататься
VII. Мәтінмен жұмыс:
ЖИГСО әдісін қолданыла отырып, сыныптағы 12 оқушыны 3 топқа бөлу:
- Балалар, қазір біз топтарға бөлінеміз, ол үшін 12 оқушыны "Желтоқсан", "Қаңтар", "Ақпан" деп 3 топқа бөлінеді. Сонымен топқа бөлінген оқушылар отырады.
Оқулықта берілген 3 мәтін бойынша жұмыс жасату.
1 - топ. Мәтіннен Кім? Не? Сұрақтарға жауап беретін сөздерді табу.
2 - топ. Мәтіннен жалпы және жалқы есімді табу.
3 - топ Деректі, дерексіз зат есімді анықтау.
Мәтін көлеміне қарай 5 - 7 минут уақыт беріледі. Содан соң оқушыларға үйімізге қайтамыз деп, қайтадан өз топтарына қайтарып, жұмыс жасатамыз. Бұл кезде оқушылар әрқайсысы жұмыс істеп отырады, әр оқушы қонақтағы топтан алған мәліметті айтып, түсіндіруге тырысады.
Осылай оқушылар 3 мәтінмен бірдей өздері танысып, тілдерін дамытады.
VIII. Оқулықпен жұмыс.
Қ. Жұмағалиевтің Ақпан өлеңін мәнерлеп оқу, бас әріппен жазылған сөздерді түсіндіру. Өлеңнен зат есімдерді табу.
IX. Дәптермен жұмыс.
2 - тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, жазыңдар.
Жерде қар... шырша
Күн..., түн.... Жаңа жыл
Біз бүгін түстен кейін...... барамыз, қалың
Коньки тебеміз. қысқа, ұзақ
Мұз айдыны біздің... алыс емес. үйден
...... жақындады. мұз айдынына
Біз мектепте әсем... орнаттық.
4 - тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлемдер құраңдар.
5 - тапсырма. Сөйлемдерді аударып жазыңдар
X. Cергіту сәті.
“Қуыршақтар” биі
XI. Сабақты бекіту.
I топ Венн диаграммасы
Қыс.........
Жаз........
II топ
Постер қорғау. Қысқы ойындар.
III топ
Сөзжұмбақ шешу. Зат есім .
XII. Сабақты қорытындылау.
“Мюнстернберг” әдісі.
Әріпті мәтін ішінен сөздерді тауып, астын сызу, мағынасын түсіндіру.
1. апаваьпқыстағымпаппррасуықарпоррлрлржаздағыарммоирпппаоыстықнггтьбт.
2. гзшздллдолоқыстағыкекнееьбқарьбтчисьмжерцккютьмтырысыплрлт.
3. кнгщитмқаңтармтнгтчмяжаусатбюлдқартбгшнщкзалтұрмасжэхзщшбтмс.
1. Қыстағы суық - жаздағы ыстық.
2. Қыстағы қар жер ырысы.
3. Қаңтар ауса қар тұрмас.
XIII. Бағалау.
XIV. Үйге тапсырма.
1. Мәтінмен жұмыс.
1. Зат есім, түрлерін оқу.
2. Қыс тақырыбында өлең шығару.