Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданы, Төретам қыстағы
№4 Күн-нұры балабақшасының тәрбиешісі
Жиенбаева Гүлнәр Қуантайқызы
Тақырыбы: Бала бақыт бала қуаныш
Мақсаты: Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып баланың ата-ана өміріндегі маңызын, ата-аналардың балаларға деген тәрбиесін көрсету. Балабақшамен ынтымақпен бірлікке, ата-ананы сыйлауға, қадірлеуге, татулыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Отбасылық сайыс
Тәрбиеші:
Жиналыппыз сәтті күн бәрімізде
Үлкен-кіші жасымыз кәрімізде
Төрлетіңдер қадірлі қонақтарым
Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге
Отбасы – бір түбірден тараған. Адамзат баласы шыр етіп дүние есігін ашқан күннен бастап, сол ортаға бейімделіп ықпалына көніп ер жетеді. Бала бақыт, бала қуаныш, өмірді жалғастырушы, демеуші ата-ана тәрбиелеуші.
Әке асқар тау,
Ана мөлдір бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ тәрбие тал бесіктен басталады.
Әке мейірімі мен құрышын қандырып, ана сүтінен нәр алып, әке ұлағаты мен ана тағылымын көріп өскен ұрпақ елін, жерін, халқын сүйетін ұлтжанды тұлға болып қалыптасады.
Әділ қазы береді
Өнеріне сыйлықты
Бізге айтып береді
Кім өнерлі кім мықты
Шаттық шеңберін жасау.
Бәйге жарыс деген соң жарысайық
Мәреде бәрімізге табысайық
Бұл байқауды биссмиллә деп бастау үшін
Алдымен әулеттермен танысайық
Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет
Өлең айтып би билеп жасап жатқан текемет
Өнеріңді көрсетші әулеттерім кәнекей
Сөз берейік әулеттерге жекелеп.
Сайысқа қатысатын отбасылармен таныстырып өтейін
1 Шаңырақ тобы Әкесі: Мырзағұлов Қонысбек шешесі: Абжан қызы Алтын тәрбиеленуші:Қонысбекқызы Ақниет
2 Ұлағат тобы Әкесі: Оразбаев Бағлан Шыңғысқанұлы, шешесі; Бакирова Айгүл Ерғалиқызы, Тәрбиеленуші: Шыңғысқан Диляра
3 Тұлпар тобы: Анасы: Темірханова Майра Рашидқызы, тәрбиеленуші: Кеңесов Ерасыл Нұрланұлы
4 Сұңқар тобы Анасы: Айбергенова Көркем, тәтесі: Орқараева Лаура Сабырқызы, Тәрбиеленуші: Байдәулетова Перизат Жанқабылқызы
Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық біз
Қандай сайыс болса да қашпайық біз
Ал енді сіздер рұқсат етсеңіздер
Отбасылық сайысты бастайық біз
Отбасылық сайыстың кезеңдері
1 Сұрасаң менің тегім
2 Шебер қолдар
3 Өнерлі отбасы
4 Ситуациялық сұрақтар
5 Сән үлгісі
6 Сахналық көрініс
7 Үй тапсырмасы
I кезең Сұрасаң менің тегім Бәйгенің аттарындай шабыстыра,
Білімнің ұшқыр болсын табыстары
Қол соғып қошеметтеп отырайық
Отбасылар міне бүгін сайысады
Әр отбасы өздерін таныстырады.
II. кезең Шебер қолдар
Даусың қадай сырлы еді
Табиғатын таңдатқан
Көркің қандай нұрлы еді
Таң шолпанмен астасқан
Өнеріңді қане бүгін көрейік
Мына жұртта қошеметпен қол соқсын.
III. Өнер көрсетеді
Жанұя жас ғұмырдың талғамысың
Қуантқан әрбір үйдің арманысың
Дәл бүгін қанат қолдап сыңарында
Сан сұрақтан сүрінбей самғап ұшқан
IV. Ситуациялық сұрақтар.
Сіздерге айтар міндер көп
Көтерген ата салтын құрметтеп
Ақтай білсең ата-баба үмітін
Әрбір сөзі тәлімі мол бір мектеп
Сұрақтарға жауап беру.
V. Сахналық көрініс.
Ал, халайық, ықыласпен демелік
Отбасылық сән үлгісін көрейік
Сырымен сымбатына қарап біз
Әділдікпен бағаларын берейік
VI. кезең Сән үлгісі.
Адам көркі шүберек
Ағаш көркі жапырақ
VII. Үй тапсырмасы.
Атадан қалған мұра көрмесі.
Сайыс қорытындысын жариялау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз
Қорытынды.
Бала біздің болашағымыз, бауыр етіміз Көктемнің шаттық күніндей,жауқазындай жайнап, қызғалдақтай құлпырып жүре беріңіздер деген тілекпен бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.