Ө. Тұрманжанов 1905 жылы 15 желтоқсанда Бөген ауданындағы Жалғызағаш ауылында туған

Скачать

Ө. Тұрманжанов 1905 жылы 15 желтоқсанда Бөген ауданындағы Жалғызағаш ауылында туған. Ташкентте N14 жетім балалар үйінде тәрбиеленді. Мәскеуде Шығыс еңбекшілері Коммунистік университетінде оқып білім алды.
Ауыз әдебиетінің белгілі зерттеушісі, көрнекті ақын Ө. Тұрманжанов Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
Ө. Тұрманжанов 1978 жылы Алматы қаласында дүние салды.

Балалар ақыны Өтебай Тұрманжановтың өлеңдері
Туған өлкем
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Түлігі өскен алуан - алуан,
Төс, алқабы малға толған.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Ер еңбегі шалқып, тасқан,
Ел еркіндеп бақыт тапқан.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Боранқұл селосы, Боранқұл орта мектебі
4 сынып оқушысы Бозаев Мейрамбек
Мұғалімі Нурекешова Тойган

Өтебай Тұрманжановтың өлеңдері


Скачать


zharar.kz