Қыспақ болсаң арқамнан, Суық өтпес пальтомнан

Скачать

Ескен Елубаев өлеңдері

Қыс
Әй, Қыс,
Қыс,
Қыс дегенге,
Қыса берме бекерге.

Келдің бе елді қыспаққа,
Шығатындай ұшпаққа.
Төпелетіп қарыңды,
Төге берме кәріңді.

Аязыңды шытынат,
Бораныңды бұрқырат.
Қорқа қояр мен емес,
Кәне, өзіммен ерегес!

Ал қыса ғой қолымнан,
Түк шықпайды оныңнан.
Қолғабым бар қолымда,
Бөкебайым мойнымда.

Қыспақ болсаң арқамнан,
Суық өтпес пальтомнан.
Үсітпейсің құлақты,
Киіп алғам тымақты.

Аяғымда етігім,
Жоқ ешбір кем кетігім...

... Мейлі қанша қыс десең
Қыс десең,
Жылы киім сайлаған
Бізге ол несін істесін?!

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 орта мектебі
3 сынып оқушысы Тлекбайқызы Мариям

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері


Скачать


zharar.kz