Құрметті бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміздің қонақтары

Скачать

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі
Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы

Мектепалды даярлық тобы
Ата Заңым - айбарым
Жүргізуші: Құрметті бүгінгі Ата Заңым - айбарым атты мерекелік ертеңгілігіміздің қонақтары! Баршаңызды Тәуелсіз еліміздің тұғырын биікке көтерген Ата Заңымыздың туылғанына 15-жыл толған мерей тойымен құттықтаймыз!
Ертеңгілігімізді ашып беру үшін сөзді балабақша меңгерушісі
Ү. Аширбековаға береміз.
Ата Заңым – айбарым
Ел мүддесін қорғаған
Аясында өзіңнің
Бүгін тойың тойланған. - деп балабақшамыздың өнерпаз бүлдіршіндерін ортаға шақырамыз.
(Балалар саппен келіп ортаға тұрады)
Хор: Әнұран
Ернұр: Ата Заңның аясында
Жадырап біз өсеміз
Білім алып өнегемен
Биіктерге жетеміз
Қарақат: Ешкімді де қас көрме
Бірақ қасқа дес берме
Айбыны болып елімнің
Ата заңды қастерле

Аружан: Құтты болсын қос мереке
Ата Заңмен білім күні
Байлық әкел туған елге
Бақыт әкел бүлдіршінге

Хор: Балабақша

Радамир: Білім күні құтты болсын
Бар балаға бақшадағы
Егемен ел аясында
Жарқын болсын болашағы

Мағжан: Жарық болсын күніміз
Жарқын болсын күніміз
Елін сүйіп ер жетер
Біз болашақ гүліміз

Сымбат: нағыз білім ырыс бақ
Дүниені түр ұстап
Енді біздер білімге
Кірісеміз дұрыстап.

Хор: Біз дәуірдің түлегіміз

Айболат: Мен бақшаға барамын
Әріп тани аламын
Санды үйреніп санаймын
Мен білімпаз баламын

Айсұлу: Ән үйренем бақшада
Би билеймін тамаша
Танысамын өнердің
Сан түрімен жаңаша.

Әлімбет Айсұлудың орындауында Қазақ биі
Гүлкөктем.
Күннің көзі шуақты
Сергітеді денеңді
Даярлықтың бүгін мен
Шәкіртімін міне енді

Нұрдаулет: Аспанда күн күлімдеп
Ата берсін нұр таңым
Көк байрағың желбіреп
Жаса, жайна Отаным.

Гүлназ: Отан ана отан жер
Менің жерім туған ел
Ата заңым ардағым
Төгер маған шуағын

Арсен: Айналамен танысам
Табиғатты сүйемін
Өйткені мен келешек
Сол ортаға иемін.

Бишілер тобы - Қара жорға биі
Хор: Әрқашан күн сөнбесін
Жүргізуші: Құрметті бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміздің қонақтары! мен бүлдіршіндеріміздің мерекелік сәлемін аяқтай отырып қортынды мерекелік лебізін білдіру үшін ата-аналарға сөз берсек.


Скачать


zharar.kz