Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту

Скачать

Тақырыбы: 5 саны мен цифры (презентация)

Ұйымдастыру
Ал, достарым, келіңдер,
Біріңе – бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Шешімін тауып көріңдер!
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. Тиянақты
жауап беруді талап ету.
Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.

Бауырсақ ертегісінің сахналық қойылымы:
Кел, тыңдайық ертегі,
Естіген жанды елтеді.
Талай ғажап оқиға,
Қызық сырын шертеді.
Ерте, ерте, ертеде.... бір ата мен әже болыпты
Атасы: - кемпір - ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші.
Әжесі:- неден пісірейін ұн жоқ қой.
Атасы:- қаптың түбін қақ, бауырсақтық ұн табылып қалар.
Әжесі солай істейді: қаптың түбін қағып, қалған ұннан бауырсақ пісіреді де, суытып терезе алдына қояды.( іс - әрекеттерін көрсетеді) Бауырсақ домалап кетеді...
Өткенді қайталау
4 – 1 =
3 + 1 =
2 – 1 =
3 - 1 =
Орман ішіне домалап келіп, қоян ананың көжегін үйретіп жатқанын естиді:
- Сұр көжегім, көжегім,
Еркелігін сеземін.
Сабаққа мойын бұратын
Сенің де келді кезегің.
Білмесең надан боласың
Жау қолында қаласың
Үйреніп бәрін біле алсаң,
Ақылын, жетіп толасың.
Көжегі бауырсақты көріп қорқып, қашып кетеді.
Қоян: - бауырсақ, бауырсақ мен сені жеп қоямын.
Бауырсақ: - жоқ, сен мені жеме, саған өлең айтып беремін, соны тыңда.
Атадан да қаштым,
Ападан да қаштым,
Қоян сенен де қашып кетемін.
Қоян: - қой, бауырсақ сенің өлеңің жақсы сен одан да менің тапсырмамды орында.
Бауырсақ: енді не істеймін, балалар, сендер маған көмек көрсетіңдерші.
Шөп үстінде құлпынай жеп жатқан аюға кездеседі.
Аю: - бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: - жемеші мені, мен саған қандай өлең айтып береді екем
- ападан да қаштым, атадан да қаштым,
сенен де аю қашып кетемін.
Аю: Әй, балалар, балалар!
Менде қызық ойын бар,
Ал ықылас қойындар
Кәне, тәртіп сақтайық,
Мен берген тапсырманы,
Бұлжытпай орындайық.
Аюдың тапсырмасы
4+1=5
5 - 1=4
Тиісті сандарды қой
4 □
□ + □ = 4
4 4
4 2
2 + 2 = 4
4 3
3 + 1 = 4


Скачать


zharar.kz