Геометриялық пішіндерді орын орнына орналастыру

Скачать

Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Тақырыбы: Қызықты математикалық тапсырмалар
Мақсаты: Қызықты математикалық тапсырмаларды орындауға жаттықтыру, қарапайым ұғымдарын түсіндіру, геометриялық пішіндерін ажырату үйрету
Сабақтың әдістері: қайталау, ойын сабақ
Сабақтың көрнекіліктері: Қоңыз суреттері, геометриялық пішіндер, шарлар, жемістер, сандар, күз ханшайымы.
Оқу іс - әрекетін ұйымдастыру:
Амандасу:
Шаттық шеңбер: Күн мен сені сүйемін,
Саған бас иемін.
Жылу бер, бақыт бер,
Мейірім мен шабыт бер!

Бүгінгі күн туралы әңгіме жүргізу.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінің қай айы?
- Аптаның нешінші күні?
- Бүгінгі күн қалай аталады?
Есік қағылады, күз ханшайымы амандасып, қонаққа келеді.

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме балалар, мені таңыдындар ма? (иә)

Тәрбиеші: Күз ханшайымы сен бізге қандай тапсырма әкелдің?
Күз ханшайымы: Әдемі алтын жапырақтар әкелдім, бірақ сендер менің тапсыр - маларымды орындауға тиіссіңдер. (себеттегі тапсырмаларды тәрбиешіге ұсынады)
1 тапсырма: Өткен сандарды қайталау, еске түсіру(1, 2 сандар)

2 тапсырма: Геометриялық пішіндерді орын орнына орналастыру.
Дид. ойын: Цифрлар қайда жасырынған

Ойын мақсаты: Балаларды ойын ойната отырып, берілген сұраққа түсініп, жауап беруге және цифрларды табуға жаттықтыру. Ой қабілетін арттыру.
Сергіту сәті: Сыңғыр, сыңғыр, сырғалар,
Құлағымызды ырғалар
Оң қоламды білезік
Сол қолымда білезік
Саусақтарда сақина
Санап көрші, қанеки
1 - 2 - 3..... 1 - 2 - 3
Дем алайық жинап күш.

3 тапсырма: Қоңыздың суретін бояудф аяқта.

4 тапсырма: Санамақты айта білесіңдер ме? (иә)
Кел санайық санамақ,
Кел санайық санамақ,
Саусақтарды даралап.
Бас бармағым алғашқы -
Балаң үйрек жалғасы.
Ортан терек – кезекші,
Шылдыр шүмек – көмекші
Шынашағым – балапан,
Бәріне ортақ алақан.
Шылдыр шүмек – мен,

Титтей бөбек – сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
Дид. ойын: Айгүл гүлге қай жол арқылы жетеді?
Ойын мақсаты: Түстерді және бағыттарды ажырата білу.

5 тапсырма: Логикалық есептер.
1. Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды? 4 алма
2. 2 сиырдың мүйізі нешеу?
3. 5 қойдың басы нешеу?
4. 3 адамның қолы нешеу?
5. 1 мысықтың аяғы нешеу?
6 тапсырма: Геометриялық пішіндерден балапан, балық құрастыру

Күз ханшайымы: Балаларды мадақтайды. Сыйлықтарын таратып қоштасады.

Тәрбиеші: Осымен сабақ аяқталды. Сіздерге Қызықты математикалық тапсырмалар ұнады ма? (иә)
Сабақты қорытындылау: Балаларды мадақтау.


Скачать


zharar.kz