(ертеңгілік)
Тақырыбы: Біз мектепке барамыз
Зал мерекеге сай безендірілген. Көңілді әуен естіліп тұрады.
Жүргізуші:
- Құрметті ата-аналар, қонақтар! Бүгін біз тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, 1-сыныпқа шығарып салғалы отырмыз. Көз алдымыздағы тәп-тәтті, сүйкімді балақайларымыз мектепалды даярлықпен қоштасқалы отыр. Мектепалды даярлықпен бітіруші түлектерді қошеметпен ортаға шақырайық.
Өтті қызық көп күндер
Бес жасқа енді жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер!
Айналайын балалар,
Алда Мектеп-Ана бар,
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар, даналар
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді біз бастайық.
Жүздеріңде көркем шаттық арайы
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.
Ән Балдырғандар маршы қабыл алыңыздар.
1-бала: Мектепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз
2-бала: Мектепке енді барамыз,
Оқимыз, сауық құрамыз.
Қашық емес арамыз
Апайға келіп тұрамыз.
Жалқаубек жүгіріп келеді. Балалар Жалқаубекті қоршап, Жалқаубек әнін орындайды.
Жалқаубек: -Балалар, ойын ойнайықшы. Мен жалғыз өзім ішім пысып, сендерді іздеп келдім. Міне, менде көп ойыншық бар. Келіңдер,ойнайық.
Балалар Жалқаубекке бұл ісінің дұрыс емес екенін, өздерінің мектепке баратындарын айтады.
Мұғалім: - Қане, олай болса, Жалқаубекті апайымызға тапсырайық. Ал, біз Жалқаубек жуынып, тазаланып келгенше ән айтайық.
Ән: Айналайын әжем-ай .
Жүгіріп оқушы келеді. Қатарласа Жалқаубек келеді.
Оқушы: - Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен, сендерді өзіммен бірге мектепке ертіп кетуге келдім. Сендер қандай ақылды, тәртіпті баласыңдар. Жолда Жалқаубекті көріп оны да ала келдім. Ол да мектепке барғысы келеді екен.
Жүргізуші: - Балалар, осы мектепалды даярлықта әр күндерің қызықты өтуін қадағалап отырған апайларыңа арнаған тілектеріңді, әндеріңді, билеріңді ортаға паш етіңдер!
3-оқушы: Ұстаздардың ұстазы,
Тәрбиенің ұстасы
Меңгеруші апайға
Ырза шеше, әке де.
Бізде мұнда әрдайым
Бәрі-бәрі дап-дайын.
Қамымызды ойлаған
Апайға мың алғыс!
Үнді биі
4-оқушы: Талай-талай баспалдақты аттармыз,
Ата-ананың үмітінде ақтармыз.
Апай сізден алған ақылды
Есімізде өмір-бақи сақтармыз.
Хор Біз мектепке барамыз
Саят: Даярлықтағы күндерді
Есімізде сақтаймыз.
Апай сіңірген
Еңбегіңізді ақтаймыз.
5-оқушы: Баулып, баптап өсірген,
Балалық істі кешірген
Тәрбиелік сөздеріңізді
Ұмытпаймыз өздеріңізді.
6-оқушы: Күннен-күнге біздер өсіп барамыз,
Үлкен болып қиындықты жеңеміз
Сіздердің біздер үшін сіңірген
Еңбектеріңіз еш болмайды деп сенеміз.
Апайларға мың алғыс!
Жүргізуші: -Балалар, сендерге кішкентай бөбектер ән, билерін ала келіпті. Қане, өнерпаздарға кезекті берейік.
Балапандар биі
Бауырсақ ертегісінен сахналық көрініс.
6-оқушы: Өзбек биі
7-оқушы: Тіс ауырса, іш ауырса,
Бізге дәрі береді.
барлық бала, барлық ана
оны жақсы көреді.
Ән: Ерте,ерте,ертеде
Жігіттер биі барлық ер балалар билейді.
Ойын: Күн шуағы Балалар сұрақтарға жауап бере отырып, күннің айналасына шуақтарын жапсырады
Жүргізуші: - Жарайсыңдар, балалар! Міне күн құрастырдыңдар. Әрқашан күн сөнбесін! Күн шуағы сіздерге нұр сыйласын! Сапарларың сәтті болсын!
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені, - дегендей түлектердің орындауында
Біз мектепке барамыз әні
Би: Қыздар биі
Ән: Қуыршағым
Би: Балдырғандар вальсы
Қуанышымыз біздің мол,
Мектепке біз тарттық жол!
Ұмытпаймыз өзіңді,
Мектеп алды даярлық қош-сау бол!
Жүргізуші: - Міне, балаларымыздың жүректері лүпілдеп мектепке қадам басқалы тұр. Бойларындағы бар өнерлерін сіздерден аямай барынша тырысып көрсетті. Сіздерге ақ жол тілеймін, балалар. Сапарларың оң болсын бүлдіршіндер!