Қазақ тілі 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық киімдер
Сабақтың мақсаты: Ұлттық киімдер туралы түсініктерін молайту.
Тіл байлығын, ойлау қабілеттерін арттыру. Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері.:
1. Оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын оятып, белсенділіктерін арттырады.
2. Оқушылардың сөздік қоры молаяды, топта жұмыс істеуге дағдыланады.
3. Мәтінді талқылап, алған білімін қазіргі өмірге сай қолдана, салыстыра білуге үйренеді.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: ұлттық киімдердің түрлі - түсті суреттері, буклет, көрме.
Сабақтың әдістері: ой шақыру, топтастыру, Венн диаграммасы, бес жолды өлең.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу. Тіл дамыту сұрақтарын қою.
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Қазір қай ай?
- Бүгін ауа райы қандай?
- Бүгін қай күн?
- Қазақстан Республикасының рәміздерін атаңдар.
- Көкбайрақтың авторы кім?
- Бір аптада неше күн бар?
- Бүгін нешесі?
ІІ. Үй тапсырмасы: Алтын киімді адам мәтінінің мазмұнын сұрау, сұрақтарға жауап алу.
ІІІ. Жаңа сабақ: Ұлттық киімдер 65 - бет
Қызығушылықты ояту сатысы:
Топтастыру стратегиясы.
Топқа бөлу: жеке, жұпта, одан соң топта пікірлесіп, ортақ пікірді қағазға түсіреді.
Ой шақыру стратегиясы.
Сіздер дәптерлеріңізде өзіңіз білетін кез - келген ұлттық киім туралы ойланып жазыңыздар.
Жазғандарыңызды көршіңізбен бөлісіңіз, талқылаңыз, пікірлесіңіз. Көршіңіздің не білетінін сұраңыз.
Шағын топта бір - бірлеріңізді тыңдаңыздар. Орталарыңыздан сіздердің ойларыңызды жеткізетін лидерге сөз беріледі.
ІІ. Мағынаны ажырату сатысы. Оқушыларда белгілі бір ой қалыптасқаннан кейін, мәтінмен жұмыс жасалады.
Сөздік жұмыс: Бір оқушы жаңа сөздерді оқып шығады. Оқушылар мәтінді тізбектеп оқып, аударады. Сұрақтарға жауап береді.
Алғашқы топтастыруды одан әрі жаңа білімдермен толықтырады (сөздерді оқып, сол сөздермен сөйлем құрайды)