Саяхат сабақ. Сабақтың тақырыбы

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Қайталау. Арифметикалық амалдар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылармен санның разрядтық құрамы туралы білімдерін пысықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын, логикалық ойлауы мен білімін дамыту. Тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын арттырып, математикалық ой – өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ. Қайталау.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: топтастыру, іздендіру, сұрақ - жауап, топпен жұмыс істеу, бекіту.
Сабақтың көрнекілігі: Бекеттер, поезд, слайд, билеттер, үлестірмелі дидактикалық материалдар.

Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Білімді жан - жақты тексеру кезеңі.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
М: балалар, қазір қандай сабақ?
О: Математика
М: Математика сабағында математика еліне саяхатқа шықсақ қалай қарайсыңдар?
О: Шығайық
М: Жолда бізге көптеген тапсырмалар мен есептер кездеседі. Ал сендер оларды орындауға дайынсыңдар ма?
О: Дайынбыз.
М: Жақсы, ендеше саяхатқа немен шығамыз деп ойлайсыңдар?
О: Поезбен
М: Тәуелсіздігімізге 24 жыл толуына орай еліміздің қалаларын аралаған Тәуелсіздік поезды бүгінгі біздің саяхатқа баратын көлігіміз. Көлік сапарға дайын.
- Бірақ поезге міну үшін біздерге не қажет?
О: Билет қажет
М: Олай болса кассаға келіп билет алыңдар. Қандай нөмерлі билет алдыңдар сол нөмерлі вагонға барып отырыңдар
Құрметті жолаушылар сіздерге:
Сәт сапар! тілейміз
Жолаушы, азаматтар №40 орта мектептің бекетінен Тәуелсіздік поезды қозғалғалы тұр., сақ болыңыздар!
Поезд Іргетас бекетіне келді. Іргетас бекетінде берілген өлең жолдарын оқып көңіл - күйлеріңізді көтеріңіздер.
Кел, балалар, ойнайық.
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай есеп болса да.
Шешпей оны қоймайық.
Алға қарай самғайық,
Екілікті алмайық.

ІІІ. Жаңа сабақ
1. Поезд жүріп Қабырға бекетіне келді.?
М: Балалар, бүгін қайталау сабағында үш таңбалы сандарды қосу және азайтудың арифметикалық амалдарын орындаймыз.
Бірінші тапсырма Салыстыру
№1 тапсырма үш вагонға бөліп беріледі. Қабырға бекетінің тапсырмаларын орындарында орындайды
І вагон
(375+425)-(452 - 152)*800+219
3м 7дм 5см+4м2дм 5см*6м0дм0см - 2м8дм3см

ІІ вагон
(600 - 364)+(700 - 289)*294 - 158
9м0дм0см - 5м4дм7см*2м5дм4см - 1м4дм6см

ІІІ вагон
(1000 - 250)+(150+100)*750+250
6м2дм8см+3м7дм2см* 10м0дм0см - 2м2дм2см
Әр топтан бір оқушы оқып, дұрыс жауабын слайдтан тексеру.
М: Енді келесі бекетке жылжып көрелік.

3. Поезд қозғалып келесі Терезе бекетіне келеді.
№2 Өрнек құр және оның мәнін тап. Тақтамен жұмыс
І вагон
а)(381+619)-(456+344)
ІІ вагон
ә)(1000 - 296)+(1000 - 749)
ІІІ вагон
б) (1000 - 296)+(1000 - 839)
М: Терезе бекетінде не істедік?
О: өрнек құрастырып және мәнін таптық

4. Поезд жүргелі тұр сақ болайық! Жолаушы азаматтар Тәуелсіздік поезы
Есік бекетіне келіп тоқтады
№3 Теңдеулерді шеш
І вагон
350: х=7
Х=350: 7
х=50
350: 50=7

х+397=1000 - 603
х+397=397
х=397 - 397
х=0
0+397=1000 - 603

ІІ вагон
8*х= 320
Х=320: 8
Х=40
8*40=320

х+605 = 1000 - 385
х+605=615
х=615 - 605
х=10
10+605=1000 - 385

ІІІ вагон
Х: 6=60
Х= 60: 6
Х =10
10: 6 =60
60= 60

218+х 100+248
218+х = 348
х=348 - 218
х=130
218+130 = 100+248
3 48 =348

Есік бекеті алғыс айтуда.
5. Тәуелсіздік поезы математика әлеміне саяхатты жалғастыруда.
Поезд қозғалады келесі Шатыр бекетіне келеді.
№4 тапсырма ауызша
1 – вагонға --------- 2 - вагонға -------- 3 - вагонға.
Төртбұрыш ------ шаршы -- үшбұрыш
Р -? ------------ S -?

Сергіту сәті: Пішіндер әні
6. Поезд 1 - ші жолдан қозғалғалы тұр сақ болыңыздар! Тәуелсіздік поезды Құбыр бекетіне келді. Есепті оқыту, талдау, шартын құру, шығару.
Бір оқушы тақтаға а - нұсқасын орындайды. Орнында отырғандар ә - нұсқасын орындайды
а) Барлығы - 68кг сыр
Еденге - 35кг
Терезе - 17кг
Үстел -? кг
Ш: 68 - 35 - 17= 6кг

ә) Жөндеу аяқталған - 34 м.
Жөндеу жалғасуда - 66м.
Барлығы -? мектеп
Ш: 34+66 =100
Ж: 100мектеп болған
7. Поезд қозғалып Ағаш бекетіне келіп тоқтады. Бұл бекетте қалып қойған сандарды орнына қою керек
Жаңа сабақты бекіту.
І вагон ---------------------- ІІ вагон ---------------- ІІІ вагон
43: 9=4( 7қ)
жауаптарын слайд арқылы тексереді.

8. Поезд тағы да жолға шықты. Поездымыз Күн бекетіне келіп тоқтады. Өрнек құр және оның мәнін тап.
а) 31 - 7 =24(күн)
Поезд №40 орта мектеп бекетіне оралды. Тәуелсіздік поезымен математика елінің бекеттерін аралап тапсырмаларын орындап есептерін шығардық. Енді әр бекеттен алған әсерлерімізді жинақтайық.
1 - бекеттен Ірге тасы берік қаланған елді көрдік. Олардан іргетас әкелдік.
2 - бекеттен Төрт құбыласы тең елді көріп, олардан төрт қабырғасын алдық
3 - бекеттен Басқа елдермен терезесі тең елді көріп, олардан терезелерін әкелдік.
4 - бекеттен Есігі ашық қонақжай елді көріп, олардан есік алдық
5 - бекеттен Төбеміз көкке жетіп тең болдық, олардан үйдің төбесін алдық
6 - бекеттен Түтіні түзу берекелі елді көрдік. Олардан түтінімізді шығардық
7 - бекеттен Жайқалған жасыл елді көріп, ағаш ектік.
8 - бекетте Білімді балаларды көрдік.
9 - бекетте Аспан ашық бейбітшілік елді көрдік
10 - бекетте Жарқыраған күнді көрдік.
Сонымен әр бекеттен жинаған әсерімізді жинақтай отырып өзімізге үй
құрастырдық. Мектеп бекетінде берілген өлең жолдарын оқып, оқушыларды бағалайық.

ҮІ. Үйге тапсырма: 119бет №7 Амалдарды орындалу ретін сақтай отырып, орындау.

Жамбыл облысы, Шу ауданы,
Шу қаласы, №40 орта мектептің
бастауыш пәні мұғалімі
Мақсұт Гүлнара Мақсұтқызы


Скачать


zharar.kz