Дүниетану.
Сабақтың тақырыбы: Күзде жапырақ неге сарғаяды және түседі?
Мақсаты: Жапырақ туралы түсінік алуға ақуал туғызу.
Өсімдік тіршілігі жәйлі алған мағлұматтарын кеңейтуге бағыт беру.
Табиғатты қорғауға, оған деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал беру. Достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау.
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, топтау, венн диаграммасы, сурет салу.
Пәнаралық байланысы: Ән, бейнелеу, ана - тілі, өзін - өзі тану.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту. бейне таспа жаймен
Табиғат ол - анамыз
Табиғатқа баламыз (жәй, қаттырақ, оданда қатты айту хормен )
ІІ. Психологиялық дайындық. Балалар бүгін бізге қонақтар келді, қарсы алайық! олар сендердің білімдеріңді көреді. Сабақта алаңдамай, еркін еңбек етіңдер. Мен сендерге сәттілік тілеймін. Ақтай би сөзі ұранымыз.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту. Гербарий жасап келу, жапырақ суретін салу.
ІV. Ауа райын болжау. Кезекші есебін тыңдау. Күнтізбе бойынша ауа райын болжау.
V. Мағынаны тану: Күзде жауын. Бұлт тұман.
Жапырақтар жауады.
Сары құйын ұйтқыған,
Сапырады ауаны.
Тапталады табанға,
Судыр, судыр жапырақ
Өрттей сары бояуға
Малынғандай атырап,- деп ақын атамыз Мұзафар Әлімбаев жырлағандай, судырлаған жапырақтарға назар аударайық. Өткен сабағымызда топ серуенге шыққан болатынбыз. Сол топ серуенде жинаған жапырақтарымызды қарайық.
1. Түстері қандай?
2. Қазір қандай мезгіл?
3. Ағаштар жыл мезгілдеріне қарай қалай өзгереді?
VI. Ой қозғау. ( мұғалім кодоскопта жапырақ суретін салып көрсетеді.)
Өсімдіктер мүшелерін толықтыру. тамыр, сабақ, жапырақ
VII. Сергіту сәті: Жаңбыр жауып басылды
Аспан шайдай ашылды
Желмен бірге жапырақ
Сыбдыр қағып шашылды. қимыл қозғалыс арқылы көрсету. Күзде судырлайды су, су, су, су.
Қыста қурайды қу, қу, қу, қу.
Көктемде гүлдейді гу, гу, гу, гу.
Жазда жайқалады жа, жа, жа, жа.
VIII. Топпен жұмыс: І - топ Сары жапырақ
Күн қысқарып, түн ұзарады.
Жарық азаяды.
Хлорофилл түзелмейді.
Өсімдіктің қоректенуі баяулайды.
Күн сәулесі жылуды аз береді.
II - топ Жасыл жапырақ
Жылу
Жарық
Жапырақта хлорофилл түзеледі.
IX. Венн диаграммасы. Жапырақ;
Таза ауа, әсемдік, әртүрлі.
Өсімдік мүшесі
Сабақ;
Тыныс алуға, жұмсақ, иілгіш, биік, жуан.
X. Сабақты бекіту: ҚР - дың Қоршаған ортаны қорғау туралы заңы бар. Сол заңның 38 - бабында табиғатты қорғау, оны таза ұстау әр адамның міндеті делінген. Сендер, балалар, келешек елді көркейтер азаматсыңдар. Сондықтан осы мектеп партасында отырған кезден бастап, осы іске өздеріңді дайындауларың керек. Ағаштың жапырақсыз сәні жоқ, ол ең маңызды керекті мүшесі.
Ән Жау, жау жаңбыр хор.
XI. Бағалау.