Содан бері өлең жазам дегендебелгісіз бір толқу тұрды денемде

Скачать

Ж. Нәжімеденов 1935 жылы қараша айының 28 жұлдызын да қазіргі Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Қошалақ ауылында дүниеге келген.
Ж. Нәжімеденов - 2006 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының (мәтіні ) авторларының бірі, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері. 1961 жылы Балауса атты тұңғыш өлең жинағы жарық көрді.

Жұмекен Нәжімеденов өлеңі

Нақ сол түні ақынға үкім кесілді,
дар арқаны - бір қыл арқан есілді.
Бір ат арба туарылды сол түні,
бір айбалта суарылды сол түні.

Үкім бірақ кетті айналып өлеңге,
өлеңге, ал, дар арқаны - көгенге...
Содан бері өлең жазам дегенде
белгісіз бір толқу тұрды денемде.

Ал, ат арба тезек тиеп жетті елге,
ал, айбалта кетті айналып кетпенге.
Бүгін еркін, есіп жырлап кеткенде
шүкір етем: ондай қауіп жоқ менде.

Маңғыстау облысы,
Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы, Опорный орта мектебі
3 сынып оқушысы Мейрамгалиқызы Гүлсезим
Сынып жетекшісі Шайпакова Алия


Скачать


zharar.kz