Құмырсқаның қанағаты. Түйінді идеялар

Скачать

Тақырып:
1. Құмырсқаның қанағаты
2. Қарлығаш пен шөже торғай

Сілтеме: Оқу жоспары, күнтізбелік жоспар, оқулық
Сабақ тақырыбы: Құмырсқаның қанағаты.
Жалпы мақсаттар: Оқушылар ертегіні түсіне оқи отырып, негізгі идеясын ашады.
Түйінді идеялар: Ертегіні пайдалана отырып ауызбірлікке, ұйымшылдыққа, қанағатшыл болуға, жақсы қасиеттерді үйренеді
Оқыту нәтижелері: Оқушылар өз қөзқарастарын дәлелдеуге, шығармашылық тапсырмаларды орындауға, белсенді жұмыс істеуге дағдыланады. Құмырсқаның іс - әрекетіне талдау жасап, үлгі алады.
Көрнекіліктер: Тұсаукесер, сюжетті суреттер
Дереккөздер Оқулық, интернет желісі
Сабақ кезеңдері
1 - кезең: Қызығушылықты ояту:
- үй тапсырмасын тексеру;
- ұйымдастыру
- қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;
- белсенді әрекетке жұмылдырылады;
- ойлау жұмысына ынталандырылады
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушыларды түгендеу
Сергіту сәті: Оқушы биі

Топқа бөлу: Түсті шаршылар арқылы
Әр топқа топ басшысын сайлап алып, бағалаудың критерилерін ұсыну.
- балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- ендеше көктемде даламызға қандай өзгерістер келеді?
- біз үй тапсырмасын мына гүл жапырақтарындағы тапсырмалар бойынша сұрайық, әр топқа тапсырма беру
1 - топ: ертегідегі кедейге, оның іс - әрекетіне баға бер.
2 - топ:
Ертегідегі байға, оның іс - әрекетіне баға бер.
3 - топ: ертегідегі диірменшіге, оның іс - әрекетіне баға бер.
4 - топ: ертегінің негізгі идеясы не?
5 - топ: осы ертегі бойынша қай кейіпкердің қасиеттері ұнады? Жұмыстарын қорғау
- сөйтіп, біз үй тапсырмасын жақсы орындап келіп едік, тақтада мынандай әсем гүл ашылды

Екі ұшы жұдырықтай
Ортасы қылдырықтай
(Құмырсқа)

Біз құмырсқа туралы не білеміз?
Ендеше біз интернет желісіне хат жіберейік: Құмырсқа туралы дерек
Келген хаттағы деректерді ашады.
Бүгінгі сабақтың тақырыбын мына тақтадағы теріс жазылған сөзді көрсең ашылады.

Мәтінді оқу

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық...
Топқа бөліну: мультфильм кейіпкерлері бойынша


Скачать


zharar.kz