Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы,
№1мектеп - гимназиясы КММ география пәні мұғалімі:
Досниязова Жанар Дүйсенбекқызы
Сабақтың тақырыбы: Географшылар көзімен әлемді таны, Тарихшылар сөзімен өткеніңді таны
Сыныбы: 9
Мақсаты:
- Оқушылардың тарих және география пәндері бойынша қосымша іздену және өткенді еске түсіру арқылы білімін жетілдіру.
- Сайыс сабақтар арқылы оқушылардың ізденімпаздығы мен қызығушылығы, сонымен қатар мұғаліммен байланысы артады және оқушылардың арасында оқуға деген бәсекелестік арттыру.
1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі Әлемді географтар көзімен, тарихшылар сөзімен таны атты сайысымызға қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Бүгін оқушылар өздерінің тарих және география пәндерінен білімдерін ортаға салмақ. Кешімізде 3 топ өз бағын сынайды. Әр топты бір жетекшіден болады.
1 - жүргізуші: Олай болса, 1 - нші 9 А сыныбын қарсы алайық: Молдағазы Назерке, Бердібекова Фатима, Әміржанова Айнұр; және топ жетекшісі: Дәрібаева Ақбота
2 - жүргізуші: 2 - нші жеңіске жетуге асық топ 9 Б сыныбынан құралған оқушыларды шақырайық. Топ мүшелері: Әленов Данияр, Жұмабаева Айдана, Алдаберген Аслан; Топ жетекшісі: Баймұратов Мұратхан.
1 - жүргізуші: 9 В сынып оқушылары да білетіндерімен бөліспек
2 - жүргізуші: Оқушылар, қонақтар, бүгінгі бәсекеміз 4 мемлекет аумағында қарастырылады. Әр кезеңде қызықты сұрақтар қойылады, жауапқа байланысты әр топ өздеріне тиісті ұпайларын жинайды. Әр кезең арасында 3 топ дайындаған өнерлерімен бөліседі. Додамызда әділқазылар төрелік етеді.
Олар: --------------
1 - жүргізуші: Ендеше, сайыскерлерге сәттілік
2 - жүргізуші: Топқа жеңіс тілейміз!
Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойына жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар,- деп Абай Құнанбаев атамыздың сөзімен алғашқы мини - кезеңімізді бастаймыз.
1 - жүргізуші: Сайыскерлер, сіздерге хат арқылы қиындылар көрсетіледі. Бұл қиындыларда белгілі бір салаға немесе ғылымға тән сөздер беріледі. Қиындыдағы сөз әр топтың афишасы болмақ. Алғаш болған топ қиындыны бірінші таныстырады. Уақыт ___ мин. Санауды үштен бастаймыз.
2 - жүргізуші: Енді алғаш болған топ өз қиындыларын таныстырып шықсын.
1 - жүргізуші: Ахмет Байтұрсынов: Сөздің ең ұлысы – тарих! - деген екен.
2 - жүргізуші: Ал Мұстафа Шоқай: Бүгінгі сәби - ертеңгі басшы. Баланы тәрбиелеу үшін ең алдымен оны өз тарихымен, жерімен толық сусындату керек. - деген өте ұлағатты сөздер айтқан.
Шынымен де, біздің ертеңіміз, өткен тарихымызға тікелей байланысты. 2 - нші кезеңіміз өз елімізді ғана емес, көрші мемлекеттерді де толық тануға, нақты мәлімет алуға мүмкіндік береді.
1 - жүргізуші: Бұл кезеңде топ мүшелері біріге жұмыс атқарады. Әр ұяшықта мемлекеттерге байланысты сұрақтар мен сол сауалдардың күрделілігіне қарай 10 - 20 - 30 - 40 және 50ұпай беріледі. Жетекшінің топ мүшелеріне көмек беруіне рұқсат.
2 - жүргізуші: Алғашқы болып таңдайтын Тарихшылар тобы. –
1 - жүргізуші: Сайыскерлер бұл кезеңді де аса жауапкершілікпен аяқтады.
Ендігі алғашқы топтың өнеріне кезек берсек _________ тобы
1 - жүргізуші: Керемет!!! Оқушылар осы көңіл - күймен келесі кезеңнен де мүдірместен өтетіндігіне кәміл сенімдіміз!!!
Толық нұсқасын жүктеу