Қызылорда қаласы, Тереңөзек ауданы,
Шаған ауылы, №37 мектеп физика пән мұғалімі
Мамрайемова Лайла Ануаровна
Сабақтың тақырыбы: Электр құбылыстары тарауын қайталау (слайдымен)
Физика 8 сынып
Сабақтың мақсаты
1. Электр тогы. Ток күші, кедергі, кернеу, электр тізбектерін құрастырудың физикалық ерекшеліктерін қайталау. Токтың жұмысы мен қуатының физикалық мағынасын қайталау.
2. Оқушыларды зерттеушілік іс - әрекетке қызықтыру, логикалық ойлауын және эксперимент нәтижесін талдауға қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаттары
- Сабақ үстінде оқушыларда білім алуға деген оң көзқарас қалыптастыру, сабақ мазмұнынан адамгершілік құндылықтарды тани - білу, оқу мәдениетін қалыптастыру, өз тәртібіне жауапкершілікке, еңбекқорлыққа баулу.
- Алған білімдерін практикада қолдана білуге дағдыландыру
- Жеке, топпен және ұжыммен жұмыс жасауға қалыптастыру
Алдыңғы білім Оқушылар тізбек бөлігіне арналған Ом заңын, электр кедергісінің температураға тәуелділігін, электролит ерітінділеріндегі электр тогын, электролиз заңын, фарадей формуласын білуі қажет.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Сыныптың сабаққа жағымды көңіл - күйін қалыптастыру.
Оқу мақсаттарымен таныстыру
Сынып оқушыларына қайталау сұрақтары қойылады
1. Электр тогын өткізбейтін денелердің атауы (диэлектрик немесе изолятор)
2. Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі заңы (Кулон заңы)
3. Параллель жалғану кезінде өзгеретін физикалық шамалар (ток күші, кедергі)
4. Меншікті кедергіннің өлшем бірлігі (Ом*м)
5. Электролиттегі электр тогын тасымалдайтын бөлшектер (оң және теріс иондар)
6. Тізбектей жалғану кезінде тұрақты болатын физикалық шама (Ток күші)
7. Өткізгіштің кедергісі температура артқан кезде қалай өзгереді? (артады)
8. Кернеуді өлшейтін прибор (Вольтметр)
9. Өткізгіштің көлденең қимасы артқан кезде кедергі өзгерісі (кемиді)
10. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңында ток күшіне кері пропорционал болатын шама (кедергі)
11. Электролиз кезінде электродта бөлінген заттың массасының формуласы ( m=kIt )