Ескен Елубаев С - дан бастасаң - Сұйық мөлдіреген

Скачать

Ескен Елубаев

С - дан бастасаң –
Сұйық мөлдіреген.
Т - дан бастасаң –
Маңдайшада желбіреген. (Су-Ту)

Қ - дан бастасаң –
Ағза мүшесі.
Б - дан бастасаң –
Суын ішесің. (Құлақ - бұлақ)

Б - дан бастасаң –
Орман ішін кезген.
Қ - дан бастасаң –
Қорықпа үркіп безген. (Бұлан - құлан)

Анаграммалар №1 қарау
Анаграммалар №2 қарау
Анаграммалар №3 қарау

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері


Скачать


zharar.kz