Сұрақтар бұрқасыны жаттығуы

Скачать

Математика 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау
Сілтеме: Математика оқулығының әдістемесі, ғаламтор
Сабақтың жабдығы Мақсаты: оқушыларды екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілін тиянақтау; есте сақтау, ойлау және математикалық тілде дұрыс сөйлей білу қабілетін дамыту; балаларды ақыл - ой, еңбек тәрбиесіне баулу, дәптермен жұмыс жасау барысында ұқыптылыққа, тазалыққа баулу, пәнге деген сүйіспеншілігін ояту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, көрсету, өзіндік.
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау парақшасымен таныстыру Әр тапсырмаға 0 - 3 баллдан қойып отырады.
18 - 21 балл - 5 ; 13 - 17 балл - 4 ; 9 - 12 балл - 3 ; 3 - 8 балл – 2 .

Топқа бөлу, топ ережесін еске түсіру
Сандар әлемі жаттығуы арқылы оқушыларды топқа бөлу. (оқушыларды бір таңбалы, екі таңбалы, үш таңбалы сандар арқылы үш топқа бөлемін)

Ынтымақтастық атмосферасы
Сұрақтар бұрқасыны жаттығуы. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында сұрақтар беру.
Параққа тек жауаптарын ғана жазу.
1. 35 пен 5 - тің көбейтіндісі. (175)
2. 100 саны 25 – тен неше есе артық (4 есе)
3. 2т 612 кг неше килограмм бар? (2612)
4. 1 дм неше мм? (10000 мм2)
5. 360 секунд неше минут құрайды? (6 минут)
6. Ауданды қалай табамыз? (ұзындығы мен енін көбейтеміз)
7. 300 теңгеден 4 көйлек сатып алдық. Құнын тап. (1200 теңге)
8. Сұйық затты немен өлшейді? (литр)
9. Бөлменің төрт бұрышында бір мысықтан отыр, әр мысыққа үш мысық қарап отыр. Бөлмеде неше мысық бар? (4)
10. Тіктөртбұрыштың ауданын бөлумен табамыз. Дұрыс па, әлде қате ме? (қате)

Мұғалім: Бияшева Г. И.
Өткенді пысықтау (Математика 4 сынып). жүктеу


Скачать


zharar.kz