Апта күндерін атату, сандарды жеті балаға таратып беру

Скачать

Топ: Алтын балық
Мерзімі:
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Тілдер патшалығына саяхат
Мақсаты: Күнделікті қолданылатын тәрбиелік мәні бар сөздерді ойындар ойната отырып үйрету. Ұйқас сөздерді қайталау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын арттыру. Байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: тәрбиелік мағынасы бар суреттер.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандары. (слайд)
Қажетті құрал жабдықтар: үлестірмелі суреттер, сандар, ширма, интерактивті тақта.
Әдіс – тәсілдері: түсіндірме, сұрақ – жауап, ойын. тосын сәт.
Сөздік жұмыс: мейірімді, еңбекқор, пысық, шыдамды, жанашыр, адал.

Мотивациялық - қозғаушылық - Саламатсыңдар ма, балалар!
- Көңіл күйлерің қалай, жақсы ма?
Шаттық шеңбері:
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің ісі ғой.
Ал, кәнеки, бәріміз
Сәлем, - дейік үлкенге.
Қайырлы күн, қонақтар.
Қайырлы таң, балалар.

Ұйымдастыру шылық - ізденістік
Бүгін біз Тілдер патшалығына саяхатқа шығамыз. Ол патшалық алыста, сол себепті біз ол жаққа көлікпен барайық.
- Біз, ең алдымен пойызға отырамыз.(үнтаспадан пойыздың даусы шығады) Ал, Люда әпкей бізді шығарып салып тұр, әпкейге не дейміз?
Балалар бір бірінің белінен ұстасып тіркесіп жүріп орындарына жайғасып отырады.

1 - аялдама. Бұл патшалықта, балалар,
Үш тұғырлы тіл тұрады екен. Қандай керемет. Келесі аялдамаға өту үшін біз өз білімімізді көрсетейік. Сендер де қазақ, орыс, ағылшын тілінде сөйлей аласыңдар ма?

Ұйқас тауып, тіл үйрен ойыны. Ойынның шарты: бірінші бала орысша – қазақша немесе ағылшынша - қазақша ұйқас сөз айтады. Екінші бала жалғастырады.

1. Үйірме - кружок
2. Секіру - прыжок.

1. Бала – мальчик,
2. Саусақ – палчик.

1. Слаткий - тәтті,
2. Твёрдый - қатты.

1. Мальчик - boy,
2. Ойыншық – toy.

Жарайсыңдар, балалар!
Пойызға отырамыз, келесі аялдамаға жүреміз.

2 - аялдама. Бұл патшалықта жеті үй бар екен. Бұл 7 үйде апта күндері тұрады екен. Жеті үйге кіру үшін олардың аттарын білу керекпіз.

Кім жылдам ойыны ойын шарты: интерактивті тақтада жеті үй көрсетіледі, балалар 7 санды ретімен қойып шығады. Апта күндерін дұрыс атасақ қай үйде қай күн тұратынын білеміз.
- Бір аптада неше күн бар?
Ойын Кім жылдам (Апта күндерін шартты түрде белгілейтін бірден жетіге дейін дөңгелектермен дайындалған карточка) ойын шарты: Арнайы дайындалған карточканы корсетіп, таныстыру. Апта күндерін атату, сандарды жеті балаға таратып беру. Тақтаға шыққан бала санға сәйкес өз апта атын білу керек. Дүйсенбі бір адым алға дегенде, тұрып қалмай 1 санды ұстаған бала алға шығу керек.
Балалар, біздің Алижан бір апта демалыста болып келді. Енді Наташа мен Алижанның диалогын тыңдайық.
Наташа: - Салем, Алижан!
Алижан: - Салем Наташа!
Наташа: - Алижан, бір аптада неше күн бар?
Алижан - Бір аптада жеті күн бар.
Наташа: - Бір аптада не істедің?
Алижан:
- Дүйсенбіде доп ойнадым далада
Сейсенбіде серуен құрдым қалада
Сәрсенбіде сурет салдым сәнденіп
Бейсенбіде би биледім әндетіп
Жұма күні жидек тердім ағаштан
Сенбі күні мултик көрдім экраннан
Жексенбіде үйде болдым дем алдым
Осылайша өте шықты бір апта.
- Жарайсыңдар, балалар!

3 - аялдамаға пойызбен жүріп барамыз.
Балалар, бұл аялдамада ештеңе көрінбейді.
Тосын сәт:
Қонаққа Мейірімді тіл патшайымы келеді. - Саламатсыңдар ма, балалар!
- Мен, Мейірімді тіл патшайымымын. Менің патшалығымда тату сөздер өмір сүреді. Олардың татулығы сондай, тіпті төрт - бес сөз бірігіп бір үйде тұра береді.
- Мейірімді тіл патшайымы, біздің балалар да бір топта тату тұрады. Ойнайды, ұйықтайды, білім алады.
- Ал, сендер тату сөздер білесіңдер ме?
- Ия, біледі.
- Балалар, біз де тату сөздер болайық. Кәне, мен мейірімді деген сөзбін.
Балалар тату сөздерді жеке – жеке айтады.
- шыдамды
- мейірімді
- қайырымды
- ұйымшыл
- еңбекқор
- тәртіпті
- кешірімді
- пысық
- ұйымшыл

Жарасыңдар, балалар! Сендер адамдарды мейірімділікке шақыратын сөздерді біледі екенсіңдер.
Балалар, Мейірімді тіл патшайымына арнап Ана тілі өлеңін бірге орындап берейік. Ән кез келген адамның көңіл күйін көтереді.
Ой жарайсыңдар, балалар! Сендер өте мейірімді екенсіңдер. Тілдер пашалығына осылай жиі – жиі саяхатқа шығып тұрыңдар. Сөздік қорларын артып, байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптасады.
Ия, балалар, патшайыммен қоштасып тобымызға қайтайық.
- Сау болыңдар, балалар!

Рефлексиялық - түзетушілік
Сұрақ – жауап:
Сендерге саяхат ұнады ма?
Нешінші аялдама көбірек ұнады?
Тағы саяхатқа шыққыларың келе ме?

Күтілетін нәтиже:
Білу: Байланыстыра сөйлеу дағдылары қалыптасады.
Меңгеру: Ұйқас сөздерді айтып үйренеді.
Істей алу: Отанын сүюге, қамқор болуға үйренеді.

Жамбыл облысы, Тараз қаласы,
Әйтиева көшесі 3 үй, №20 балабақша қазақ тілі мұғалімі
Байсейитова Гулмира Ерубайқызы


Скачать


zharar.kz