Бір бала оны - жақыны, Көрді жүрген сол маңда

Скачать

Ескен Елубаевтың өлеңі

Біздің үйдің ішінде
Хат танитын өзіммен.
Хисса оқимын кешінде,
Майын таусып көзімнің.

Содан ба екен, мен едім
Әкем менен шешемнің
Алып – қосып беретін
Алым - саттық есебін.

Дән риза болады,
Қария әкем ісіме.
Не жетсін, - деп қояды,-
Хат білетін кісіге .

Өткен – кеткен жайлардан
Бастап кетер әңгіме:
- Одан жұрт қай жарығын,
Аңқау ма екен, әңгі ме?

Күн еместі күндері,
Еңсе басқан надандық.
Мал өсіру – білері,
Жан аз тәлім аларлық.

Итшілеген тіршілік,
Тағылыққа жақын да,-
Деп қоятын күрсініп,
Өткен өмір хақында -

Бір атамыз болыпты,
Жауыр аты тақымда
Бір қап тары алыпты,
Бермек туыс жақынға.
Тең болсын деп артуға
Екі қапты алыпты
Бір жағына тары да,
Біріне құм салыпты.
Соған жетіп ақылы,
Өңгермек боп тұрғанда.
Бір бала оны – жақыны,
Көрді жүрген сол маңда.

Дұрыс па, ата, оныңыз
Құмыңызды төгіңіз,
Бөліп тары салыңыз,-
Депті,- сөйтіп, барыңыз .

Бала сөзі жөн еді,
Жетпепті ақыл осыған.
Атаң байғұс жөнеді,
Сол баладан қысылған.

Қуанамын мен де енді,
Қазір ашық көздерің.
Ес қыламыз сендерді,
Миятымыз – өздерің.

Билік тиді адамға,
Баққа жетті қолдарың,-
Дейтін:
- Осы заманға
Лайықты бол, жаным...

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері


Скачать


zharar.kz