Мұғалімнің көмегімен заттың атын сынын ауызша тілде қолдану

Скачать

Көлік түрлері 1 - сынып
Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты: 1. 2. 3. 1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.
1. 3. 4. 1. Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар (кім? не? Қандай? Қанша?) қою.
1. 4. 1. 1. Суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздер жазу.
1. 5. 1. 1 Мұғалімнің көмегімен заттың атын сынын ауызша тілде қолдану.
1. 5. 2. 1. Әріп пен дыбысты ажырата білу, төл дыбыстарды дұрыс айту.
Сабақ мақсаттары: Барлығы: Сабақта үйренген көлік түрлерін атай алады, түсін сипаттай алады; ө дыбысын таниды, дұрыс дыбыстайды, жаза алады, ө дыбысы кездесетін сөздер қатарын атай алады.
Көбі: Тақырып бойынша белсенді лексиканы еркін қолдана алады, түстерді ажырата алады, тақырып көлемінде өзара тілдесе валады.
Кейбірі: Басқа да көлік түрлерін атай алады, ө дыбысы кездесетін сөздер қатарын толықтыра алады.

Басы
Психологиялық дайындық
Ертеңгілік шеңбер
Берілген өлеңді мұғаліммен бірлесе қайталап отырып, қимылмен орындарында жасайды.
Орнымыздан тұрамыз, (орындарынан тұрады)
Қанатымызды жаямыз, (екі қолын екі жаққа ұстайды)
Ұшақ болып ұшамыз. (жарты денесімен ұшу қимылын жасайды)
Суда жүйткіп жүземіз. (қолдарын қосып, ирек сызықты ауада жасайды)
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстырып өту.

Сабақтың ортасы:
Тақтаға суреттер ілінеді.
Оқушылар берілген үлгі бойынша сөйлейді. Мынау – автобус.
1 - тапсырма: МК, Ұ
Мұғалім әр көліктің не істейтінін айтады. Мыс: ұшақ ұшады, мәшине жүреді, т. б.
Сәйкесін тап ойыны.
Презентацияда берілген көліктердің суреттеріне сәйкес келетін қимылды білдіретін сөздерді оқи отырып, анықтайды.

Сергіту сәті
Бейнематериалдағы қимылдарды қайталап жасайды.

(МК) Пантомима ойыны.
Бірінші әрекеттерді мұғалімді тыңдай отырып, орындайды. Келесі әрекеттер мен көлік атауларын оқушылар өз бетінше орындайды. Бір оқушы айтады. Қалған оқушылар тыңдай отырып, әрекеттерді жасайды.
 Кеме жүзеді. (қолдарымен ауады ирек сызықтар жасайды)
 Жеңіл көлік жүреді. (қолдары мен иықтарын қимылдату арқылы жасайды)
 Тікұшақ ұшады. (екі қолдарын екі жаққа созады)

(Ө, Қ) Мен білемін
Сөйлемдерді оқи отырып, дұрыс ақпаратты анықтап оқиды. Ақпараттың дұрыс оқылғанын оқушылар бір - бірін бағалап отырады.

1. Қайық және кеме суда (жүреді, жүзеді, ұшады).
2. Ұшақ, зымыран әуеде (жүреді, жүзеді, ұшады).
3. Жеңіл көлік пен жүк көлігі жолда (жүреді, жүзеді, ұшады).
2 - тапсырма: (МК, Ұ)
Мұғалім суреттер бейнеленген кесте таратады, оқушылар сол суреттерді бояп, қандай түсті екенін айтады.
3 - тапсырма: Жұптық жұмыс
1 - оқушы: Сен не саласың?
2 - оқушы: - Мен ұшақ саламын.
1 - оқушы: - Ұшақ қандай түсті?
2 - оқушы: - Ұшақ көк түсті.
1 - оқушы: - Ұшақ не істейді?
2 - оқушы: - Ұшақ ұшады.
Енді бүгін біз Ө дыбысын үйренеміз.
Ө дыбысы дауысты, жіңішке. Мо - мө
Ө дыбысы дауысты болғандықтан, оқулықта қызылмен белгіленген.
Мына сөздерде ө әрпі кездеседі.

Өрік (не?), көк (неше?), көк (қандай?)
7 - тапсырма: Дәптермен жұмыс

Сабақтың соңы: Рефлексия. Бағдаршам әдісі
Қызыл түс – түсінбедім
Сары түс – сұрақтарым бар
Жасыл түс – толық түсіндім

Кері байланыс: Пәнаралық байланыс:
Орыс тілі, бейнелеу өнері, ағылшын тілі
Рефлексия:

Қорытынды бағалау: Ең жақсы өткен екі әрекет:
1.
2.
Қандай әрекет жақсы өтуге ықпалын тигізуші еді:

Мектеп: Долинск НОББМ
Мұғалім: Ихсанова Гулмира

Көлік түрлері жүктеу


Скачать


zharar.kz