Ана тілі, Ана тілі

Скачать

Тақырыбы: ӘЛІППЕГЕ МЫҢ АЛҒЫС!
Мақсаты:
1. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
2. Білімнің бастауы болған, Әліппеден үйренгендерін тиянақтау, өнерлерін тамашалау, білімдерінің артып, сөз байлығының молайғандығын, саналарының өскенін көрсету. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру.
3. Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата - аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.
1 - жүргізуші:
Ассалаумағалейкум, халайық!
2 - жүргізуші:
Армысыздар, Ұстаздар, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.
1 - жүргізуші:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
2 - жүргізуші:
Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер
Қыран құстай болашағын мәпелер
Бүгін міне, әліппемен қоштасады
Азамат боп кешегі сәби еркелер.
1 - жүргізуші:
Армысыздар, қонақтар! Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, себебі алғаш сауатымызды ашқан, жақын досымыз Әліппемен қоштасамыз. Әліппемен қоштасу тойы құтты болсын дей отырып, той иелері 1 А сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Мырзағұлова Гүлнұр Серікқызын бірге ортада қарсы алайық
Фанфар ойналып, фейерберг атылады.
Слайдтан мектептегі мерекелер көрсетіліп тұрады.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін, оқуға, білімге деген ұмтылысқа шақыратын ӘЛІППЕ - мен қоштасу ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Әліппені аяқтау тойларыңыз құтты болсын! Әліппені бітіру алдыңғы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз бүгінгі күні сол белестің бірінен астық. Сондықтан бүгінгі ертеңгілік сіздер мен біздер үшін ортақ та салтанатты мереке.

Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым!
Өзі оқып, жазатын халге жетті,
Құтты болсын білімі балалардың!
Ата - ана қуанып шаттанады.
Оқыды деп баласы мақтанады.
Алдарына бұлардың кім шығыпты.
Барлық маман мектептен аттанады.
Хормен:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Қонақтарды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Ақниет: — Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ, өйткені, тұңғыш рет
сауатымызды ашқан жақын досымыз Әліппені бітірдік.
Альмира: — Мен енді алыстағы туыстарыма өзім - ақ хат жазып,
қысқа әңгімелерді де бөгетсіз оқи аламын, қуаныштымын.
Сағыныш: — Біздер осы уақытқа дейін көп нәрсені үйрендік. Сурет салуға,
ән айтуға, есептеуге, денемізді шынықтыруға, еңбек етуге.
Мұғалім:
Бүгінгі Әліппеге мың алғыс атты мерекесіне маған көмектесетін:
Яғни менің көмекшілері
2 - жүргізуші:
Шашу, шашу шашайық,
Дүбірлетіп тойды бастайық
Бұл мереке, бұл тойды,
Хормен: Шашуменен ашайық
Шашу шашылады.
1 - жүргізуші:
Құрметті қонақтар алдарыңызда Гүлнұр апайымыздың шәкірті Бақытты балалық шақ орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар!
Манарбек: Тамирис есіңде ме сенін 1 сыныпқа келгенін?
Тамирис: Әрине есімде қолымда гүлім бар,.....
Манарбек: Жақсы. Енді 1 сынып оқушылардың қалай мектепке келгенің көрейік.
Көрініс Жетпіс пен жеті .
Жеті жасар баласын,
Жетпістегі әжей жетектеп,
Келе жатыр көшеде,
Қайда әлгі мектеп деп.
Жетпіс келеді сүрініп,
Жеті келеді жүгіріп.
Балам, балам жақсы бол,
Міне, сенің мектебің.
Сабағына зейін сал,
Ақылды бол, тентегім.
Немере:
Қыркүйекте келдім де,
Сыныпқа кірдім қуанып
Қарсы алды ұстаз мейіріммен,
Қадамымды құп алып.
2 - жүргізуші:
Бала деген шіркін - ай балдай екен!
Тәттілігі жая мен жалдай екен!
Арып - ашып даладан келгеніңде,
Бал иісін таттырып алдайды екен!- деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай кішкентай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне құлақ салайық.
1 - оқушы: Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін міне салтанат
Оқулықпен достаспақ, Айгүл
Әліппемен қоштаспақ.
Ой білімі жаңғырмақ
Әліппеден мәңгілік
Әріптерді таныған
Өңкей білгіш балдырған.
Құтты болсын тойларың!
2 - оқушы: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар. Нұрқожа
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар, қасиетті аналар!
3 - оқушы: Мен бүгін бұрынғыдан саналымын
Қоңырау боп күмбірлейді жаңа күнім Сабина
Дәптердің жазылмаған ақ парағы
Ақ көйлектей жеті жасар балалығым!
4 - оқушы: Мектеп - кеме, білім - теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда Ақниет
Ұстаз берген білім қолда.
5 - оқушы: Қадірлі мектеп, бұл мектеп,
Оқыған ата - анамыз.
Атыңды сенің құрметтеп, Бағдаулет
Әрқашан еске аламыз.

1 - жүргізуші:
Балалар, мен сендерге бір сұрақ қояйын. Сендер соған жауап беріңдер.
Іші толған әріпке,
Болашаққа жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашар -
Ол сүйікті ӘЛІППЕ!
Ол сүйікті ӘЛІППЕ!
Мұғалім: Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Балалар: ӘЛІППЕ! ӘЛІППЕ! ӘЛІППЕ!
Әліппе: Армысыңдар, жас достар!
Армысыздар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар
Әліппе келді ортаға.
Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай әріпте
Мені оқып ержеткен,
Ағаң менен әпкең де.
- Сәлеметсіздер ме, менің сүйікті достарым! Сендер мені оқып сауаттарыңды аштыңдар, жазуға, оқуға үйрендіңдер. Ал енді бүгін маған өз білімдеріңді көрсетіңдер.
6 - оқушы: Әліппе деген - алтын жол.
Апарар сені алысқа Мансұр
Жеңіл емес, ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа.
7 - оқушы Бар әріпті үйреткен
Міне менің Әліппем Дариға
Жақсы оқимын кітапты
Әріптерді танып мен
Әліппе:
--- Жақсы балалар.
— Осы сендер қандайсыңдар?
- Талабы биік таудаймыз.(Сағыныш)
- Мың бұралған бишіміз.(Альмира)
- Біз шеберміз.(Айзере)
- Ақылдымыз.(Бағдаулет)
- Көп оқимыз.(Рамазан)
Хормен:
Біз – қазақ елінің болашағымыз.
Әліппе: — Олай болса, біздер әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз.
Мұғалім:
Алфавитті жаттадық
Онда жүйе, қалып бар,
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
Айкүміс:
Сан әріпті үйрендік,
Бүгін бізге сеніңдер.
Әріптер әлеміне,
Саяхаттап көріңдер.
2 - жүргізуші:
Әріптердің атаманы қай әріп?
1 - оқушы.(Айгүл)
А әрпінен есімім
Айтсам сөздің кесімін.
Айгүл деген мен боламын,
Айдай өсіп толамын.
2 - оқушы.(Әділжан)
Әбілмансұрды білесіз,
Көңілге мені түйесіз.
Ә әрпі де атымда
Оқып – біліп жүресіз.
3 - оқушы.(Дәулет)
Дөңгелене доп келеді,
Оны теуіп Дәулет келеді.
Мәз боламын шаттана
Ойым мүлде басқада
4 - оқушы.(Айзере)
Айзере деген есімді,
Білдіңіздер кесімді.
З әрпі бар ішінде,
Тыңдасаңыз шешімді..
5 - оқушы.(Бағылан)
Г әрпінен гүлденер,
Қызғалдақты қырат тау.
Ғ әрпімен бір келер,
Бағылан атты ұлы атау.
6 - оқушы.(Ақжүніс)
Ж дегенің жөргегің,
Туған, өскен жерлерің.
З әрпімен зерледім,
Зергерлердің зерлерін.
7 - оқушы.(Ерсұлтан)
Л әрпінің шөресі,
Лақ деген түлікпін.
Н әрпінде келесі,
Нар есімді үлекпін.
8 - оқушы.(Өркен)
Ө әрпімен өрістер,
Өмір атты дүниең.
П дегенің періште,
Желеп - жебер мың иең
9 - оқушы.(Рамазан)
Р дегенің рақым,
Мейірің мен пейілің.
С әрпінің тұратын,
Сый - сыяпат сенімнің.

10 - оқушы.(Алишер)
Ш дегенің шапағат,
Тие берсін баршаға.
Х дегенің сәлем хат,
Қуанышы қаншама.
11 - оқушы.(Нұрқожа)
Ине ұстай аламын,
Инемді табамын.
Инелікте иіліп,
И әрпін саламын.
12 - оқушы. (Айкүміс)
Енді біз жаза аламыз,
Әріпті қосып әріпке,
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.
1 - жүргізуші:
Құрметті Әліппе сіз біздің балалардың Әліппе оқулығынан қалай оқитынын көргіңіз келе ме? Олай болса біздің Ақжүніс сынды оқушымыз журнал, ертегі, кітап оқып берсін.
Әліппе: Бәрекелді кітапты тамаша оқиды екенсіңдер!
Талаптарыңа нұр жаусын!
2 - жүргізуші:
Бәрімізді сүйіп өткен,
Балаларға үйреткен
Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен дей келе 1 А сынып оқушыларының орындауында хор Әліппе әні.
1 - жүргізуші:
Ендігі кезекте оқушыларымыздың өлең шумақтарын тағы бір тыңдап көрейік.
8 - оқушы: (Дариға)
Әліппем, менің Әліппем,
Өмірді көрем танып мен
Қайталап айтам мың рет
Өзіңе көп - көп рахмет!
9 - оқушы.(Альмира)
Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
10 - оқушы.(Өркен)
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!

Мұғалім:
Ал, балалар Әліппеміз асығып тұр, басқа мектептерде де сендер сияқты
1 - сынып оқушылары Әліппемен қоштасып жатыр.
Әліппе: Сендерді әрі қарай жетелейтін достарың Ана тілі болмақ. Ендігі кезекте Ана тілін ортаға шақырайық.
Хормен; Ана тілі, Ана тілі.
(Әліппе мен Ана тілі құшақтасып амандасады.)
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Әліппе: Ал, енді мына сүйкімді балаларымды саған тапсырамын. Ари қарай жетілдіруге.
Ана тілі: әрине қуана қуана аламын.
Мұғалім:
- Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті.
Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?
Қыздар: Балаларға ақ тілек,
Ұлдар: Болашаққа бақ тілеп.
Хормен: Біздерге білім үйреткен,
Әліппе, саған рахмет.
Әліппе. Ал, балалар ойын сауықтарыңды жүргізе беріңдер! Мен кетейін. Сабақтарыңды жақсы оқып, мұғалімдеріңді, ата - аналарыңды қуанышқа бөлеп жүре беріңдер! Сау болыңдар!
(Әліппе кетуге ыңғайланады).
2 - жүргізуші:
Барлығымыз әліппеге не дейміз?
Хормен; Қош бол, құтты Әліппем.
1 - жүргізуші:
О, біздің Ана - тіліміз келеді жатыр.
Ана тілі:
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте - деп ақын ағамыз айтқандай, мен ана тілі оқулығымын. Сендердің өнерлеріңді көріп қуанып тұрмын.
Ана тілі: Маған арнап қандай тағы қандай өнерлерің бар?
11 - оқушы. (Сағыныш)
Ана тілің – біліп қой,
Бостандығың теңдігің.
Ана тілің – біліп қой,
Мақтанышың елдігің.
12 - оқушы.(Ерсұлтан)
Анам алғаш осы тілде
Бесік жырын жырлаған
Ұзақ түндер анам айтқан
Ертегілер тыңдағам
13 оқушы (Ақниет)
Ана тілін білмеген,
Ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген.
Халқын сүйіп жарытпас.
О, жарайсыңдар!
Менің сендерге арнап әкелген бір ойыным бар еді. Кім білгіш? ойыны, яғни кім көп біледі екен. Менің қолымдағы сандықтағы сұрақтарды алып жауап берейік.
1 - сұрақ: Біздің туған жеріміз, өскен жеріміз, Отанымыз қалай аталады?
(Қазақстан) Даулет
2 - сұрақ: Отан туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер? Әділжан
3 - сұрақ: 1 - ден 10 - ға дейін кім тура және кері санап береді? Сабина
4 - сұрақ: Балалар ең алғаш Әліппені кім жазды? Ахмет Байтұрсынұлы Бағылан
5 - сұрақ: Табиғат нешеге бөлінеді? (екіге) Атын ата?(тірі және өлі табиғат) Алишер
6 - сұрақ: Математикалық жұмбақ.
Табақта 8 алма,
Қолымда 2 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? (10 алма) Мансұр
7 - сұрақ: Математикалық жұмбақ.
Қолымдағы 9 алманың
1 – еуі атам, 1 - еуі апама
Айтшы сонда қолымда нешеуі қалады? (7 еуі қалады) Айгүл
8 - сұрақ: Дыбыстар нешеге бөлінеді? (2 - ге дауысты, дауыссыз ) Ақжүніс
Ана тілі: Балалар сендер жақсы білім алыпсыңдар! Бәрініз білгіш екенсіздер.
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар сіздерді жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын сіздерге жаңа табыс, үйлеріңізде ынтымақ, бірлік, береке, балаларыңыз сабақты 4 пен 5 ке оқуларына тілектеспін. Ал енді балалар мен тойдың соңына дейін сендердің білімдеріңді тамашалайын, мен сендермен оқу жылының соңына дейін боламын, жақсы білім алуларыңа тілектеспін!
2 - жүргізуші:
Ана тілі: Сіз төрге жайғасып бізбен бірге болыңыз. Төрлетіңіз, төрге шығыңыз.
2 - жүргізуші:
Баланың да тірегі
Дананың да тірегі
Шаншылмасын ешқашан
Аналардың жүрегі – дей келе аналардың құрметіне Ізтай Айкүміс, Алдаберген Манас, Жаңабаева Айгүлдің орындауында Анашым әнін қабыл алыңыздар.
Ән: Анашым
1 - жүргізуші:
Бишілер бар біздерде балапандар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін,
Таң қалдырып қанекей би билеші,
Қол соғып демеу берер көрермендер,- демекші алдарыңызда сыныбымыздың Балапандар биін тамашалаңыздар.
Би: Балапан
2 - жүргізуші:
Шәкірттердің тыңдап жауап сұраған
Жас санаға төгіп білім шуағын.
Хат танытып, жол сілтеген өмірге
Барша жанға құрметті жан - мұғалім, демекші барша бастауыш сынып ұстаздар қауымына алғысымыз шексіз дей отырып ән Мұғалім ол - біздің .
Қабыл алыңыздар!
1 - жүргізуші:
Мерекеге арналады бүгін билер
Көтерілсін қанекей, көңіл күйлер,
Алдарыңызда қазіргі вальс биі,
Таң қалдырып, қанекей, би билеңдер.,- дей келе 1 А сынып оқушыларының биін қабыл алыңыздар.
Би: Вальс
2 - Жүргізуші: Әліппені оқып, білім алдыңдар. Көп нәрсені үйрендіңдер. Қазақстанның болашағы сендерсіңдер. Әр баланың қиял - арманы бар болар, сол армандарың орындалсын деген ниетпен балғын балалық шақтың белгісі сары түсті шарларыңды аспан әлеміне жіберейік. Қане, барлығымыз іштей тілек тілейік.
1 - жүргізуші:
Қане, тілектеріңді тыңдап көрейік.
3 - 4 оқушының арман - тілектері тыңдалады
1 - оқушы Мен есепші боламын (Дариға)
Мен барлық жұмысшыларға дер кезінде жеткілікті етіп айлық табыстарын беруді қарастырар едім.
2 - оқушы Мен әкім боламын (Өркен)
Барлық ауыл, қалалардағы балалар бақшасын тегін қылар едім.
3 - оқушы Мен білім министрі боламын (Ерсұлтан)
Мектептегі бастауыш сыныптарға компьютер әперген болар едім.
4 - оқушы Мен дәрігер боламын (Айкүміс)
Кез келген аурудың алдын алып, балалардың денсаулығына көп көңіл бөлер едім.
2 - жүргізуші:
О, жарайсыңдар ойлаған арман тілектерің орындала берсін, аңсаған армандарыңа жетіңдер!
1 - жүргізуші:
Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар
2 - жүргізуші:
Шәкірттердің қанаттары талмасын,
Көк аспанда қыран болып самғасын.
Ақ жол тілеп, барша мына ұл - қызға,
Ақ батасын мектебіміздің директоры _____________ арнасын.
Келесі сөз кезегі директордың оқу - ісі жөніндегі орынбасары ___________беріледі.
Ана деген не деген
Ақ тілеулі жан еді
Алғысын алып ананың
Өсе бергіміз келеді – демекші сөз кезегін анамыз
Құрметті қонақтар!
Осымен 1 А сыныбының ӘЛІППЕГЕ МЫҢ АЛҒЫС! атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!


Скачать


zharar.kz