Оқу білім жайлы ұлағатты сөздер.
Ақылыңа ақыл қос
Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі – талап, шолушысы – ой, жолдасы – кәсіп, қорғаны – сабыр, қорғаушысы – мінез, сынаушысы – халық болсын.
Саққұлақ би, Бөгенбай батырдың шөбересі.
Үнді даналығы Панчатантрадан :
Ақылды адам әдiлдiгiнe, сөзiнiң растығына қанша сeнсe дe, oл өзiнiң ақылына, күш - қуатына сeнiп, кeк тудыратын, өшпeндiлiккe ұшырататын жағдайға бармайды, өйткeнi удың бeтiн қайыратын дәрiсi бoла тұрып, сoған сeнiп eстi жан уды iшпeйді eмeс пe?
Адамгeршiлiктe iзгi ниeтті жандардың ғана eншiсiнe тиeдi. Ізгі адамның сипап айтқан сөздeрi аса маңызды көрінбeсe дe, түпкi мағынасы іс барысында көрiнeдi, iстiң нәтижeсi аяғында бiлiнeдi.
Мен Ұлы Мұхиттың жағалауынан бір ғана кішкентай тас тауып алған балаға ұқсаймын, таптым да қуандым... Ал ол Мұхиттың жағалауы мен түпсіз тереңінде ол секілді тастар қаншама.
Исаак Ньютон.
Бұл дүние басқа бір әлемге өткел екені күмәнсіз. Өткел үсті – кісіге сын, онда шын мәнінде бақытты адам жоқ. Адамдар зиялы және қараңғы болып екіге бөлінеді. Мақсат қараңғылардың санын азайту. Біздің ғылым үйрету деп аспандайтынымыз да сол.
Виктор Гюго.
Білімсіздік – бұл ымырт, оны жамандық кезіп жүреді. Көшені жарықтандыруды ойласаңыздар, мархабат; ең бастысы ақыл ойды ағартуды ойласаңыздар екен.
Виктор Гюго.
Білу үшін – оқу, ақша үшін – кәсіп, күшті болу үшін – бірлік керек.
Ахмет Байтұрсынов.
Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек.
Ахмет Байтұрсынов.
Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім.
Мұхтар Әуезов.
Білім көңілге күдік туғызады, ал күдік тағы да жетігірек білуге жетелейді, демек, білім қосыла береді. Білім – адамның ақылын қозғап отыратын керемет күш, кейде адамзат ақиқатқа баратын жолда білу арқылы жапа шегеді. Тоғышарлық болса ештеңеге күдіктенбеуімен, ештеңені білмеуімен, білгісі келмеуімен, солай бола тұра, бәрін білемін деуімен мықты болғысы келеді. Білімділік – күдіктену арқылы көзіңнің жетуіне, тоғышарлық – тоңмойындыққа алып келеді.
Бальзак.
Білім алу бір жарқын дүние емес пе, оған ұмытылған осы күнгі қызық дәуірдегі жастарға мол мүмкіндік бар. Тұтас халықты былай қойғанда, жеке адамда да өмірбаян болады. Өмірбаянды санадан өшіріп тастаса, таным жолын нәресте сияқты сүрініп - жығылып қайта бастауға тура келеді. Өткен өмірдің ащы - тұщы сабақтарына табан тіреу – халықтың сенімін орнықтырып, тарихи оптимизмін оятады.
Әлкей Марғұлан.
Надандықтың үш түрi бар: ештеңенi бiлмеу, бiлгендi бұрыс түсiну және бiлу керектi бiлмеу.
Дюкло.
Даниядағы қалалық ратушадағы сөз:
Ешкiм де бiздiң бәрiмiз бiрге бiлетiндей көп бiлмейдi.
Надандық – құлдық, бiлiмдiлiк – еркiндiк.
Пьер Жан Беранже.
Бiлу дегенiңiз жеңiске жету деген сөз.
Александр Несмеянов, ХХ ғасырдағы орыс ғалымы.
Адамзатта тек бiр ғана жамандық бар, бұл – надандық, бұған қарсы тек бiр ғана шипа бар, бұл – ғылым.
Дмитрий Писарев.
Бiлiм алу надандыққа қарсы егiлген дәрi.
Ян Амос Коменский.
Кiм басқаларды оқытса, сол қайталау арқылы өз бiлiмiн толықтыратындықтан және тақырыпқа терең бойлауға мүмкiндiк алатындықтан, өзiн - өзi үйретедi.
Ян Амос Коменский.
Сұраған ұят емес, бiлмеген ұят.
Мұзафар Әлiмбаев.
Бiлмеген мiн емес, бiлместiкке көнген мiн.
Шерхан Мұртаза.
Өзiн бiлiм шыңына көтерiлдiм деп сенген кiсi, оның төменгi сатыларында болғаны.
Эндрю Карнеги.
Көргенім – ғылым жолының шынайы шексіздігі, түйгенім – ғылым жолында талмай ізденген адамның ғана мұратқа жететіндігі.
Жұмаділ Байғұншеков, техника ғылымдарының докторы.
Үндi нақылы:
Мен сiзге және сiздiң iлiмiңiзге түпкiлiктi сену үшiн, маған бiр ғажайып көрсетiңiзшi . Ұстаз қапалана күлiмсiреп, бiр ғажайыпты көрсетедi. Сонда әлгi адам жалынғандағыдай қызулықпен оның аяғына жығылады: Мен ендi сiзбен бiрге боламын . Бiрақ Ұстаз оған есiктi көрсетедi: Ал ендi сен маған керек емессiң .
Мырзагелді Кемелдің білім - ғылым туралы ойлары:
Бiлмеуден қорықпа, жалған бiлiмнен сақтан. Дүниедегi бар жамандық осыдан басталады.
Бiлмегендiк ұятта, зиян да емес. Ешкiм де бәрiн бiле алмайды, ал бiлмейтiндi бiлемiн деу ұят әрi зиян.
Блез Паскальдың айтуынша, әлемдегі барлық бейберекетсіздікке кінәлі – адамзаттың өзі. Оның игілік, ізгілік, имандылықтан қол үзіп құлдырауының нәтижесі. Адамзатты ұлылыққа жеткізер бірден бір жол – ғылым. Абай: өнер, білім – бәрі ғылымда деді.
Білім адамның ішінен шығатын нәрсе емес, сырттан келетін нәрсе. Оқымай білімді боламын дегендер, тормен су алғысы келгенмен тең.
Өзен қайтсе үлкейеді? Өзіне келіп құйған бұлақтардың бәрін қабылдай берсе. Білімділік те солай, құр оқып қана қоймай, бойыңа сіңіре білсең ғана, білімдар боласың.
Қараңғылық – бар бәленің бастауы, тасырлық* та, тоғышарлық та содан, қараңғылықтың бұғауы мен надандықтың кісенінен азат ететін жалғыз күш – оқу.
Білу дегеніміз жеңу. Ғылым, білім – тоғышарлыққа ем.
Адам білім алуды ұдайы жасауы тиіс, әйтпеген күнде оның наданға айналуы оп - оңай.
Өз қанатың болмаса өзгенің қанатымен ұша алмайсың.
Қазақты үшке бөлуге болады: Абайды оқығандар, Абайды оқысам деп жүргендер және Абайды оқу керектігі ойына кіріп те шықпайтындар.
Іздеген сирек болса да табады, іздемеген ешуақытта таппайды.
Ең жоғарғылар – туғаннан біліп туғандар, келесісі – оқып барып, танып - білгендер, одан кейінгісі – тал қармағанда ғана оқитындар, одан төменгі адамдар оқу керектігі ойына кіріп те шықпайтындар.
Оқу - біліммен қырланған ақыл, қырландырып, тәртіпке келтірілген гауһар тасқа ұқсайды. Гауһар үлкен болып, қыры көп болған сайын бағалы.
Құр оқи бермей, әлсін - әлсін ойды қозғап қою керек, пайдаланылмай қалған ақылды тот басады.
Көп білген сайын адам білім - танымға тойымсыз келеді. Адам аз білген сайын өзіне - өзі риза болады, тоқкөңіл келеді.
Білім талпынсаң қонады. Ит маржанды не қылсын , - деп ұлы Абай айтқандай, маржанды қажетсінген адам, оны іздеп тереңге бойлай білген адам табады. Ал тереңге бойлау үшін талап керек.
Білімі ақылынан көбірек адам, білімінен таяқ жейді.
Құжатта ғана бар жоғары білімнен орташа пайым артық.
Біреулердің ойы мен қолының қалай қимылдауына өзінің ғана емес, бүкіл адам баласының тағдыры тәуелді. Адамзаттың әрбір жаңашыл іске барарда осы әрекетім еліме, адамзатқа қаншалықты тиімді, ол бүкілғаламдық зиян әкелмес пе екен деп ойлағаны жөн болады. Шын білім, шын ғылым қатыгездікке алып бармайды. Сахаровтың атом бомбасын ойлап тауып, кейін оның адамзатқа келтіруі мүмкін қасіретін сезінгенде бұл тапқырлығынан бас тартып, бүкіл өмірін ядролық күшті саяси ойындарда пайдалануға қарсы болуға арнауы осы тиімді ойлаудың нәтижесі.
Оқыған, естіген жақсы ой, пайдалы әңгімелерді тарата жүрген жөн, менен басқа ешкім білмесін деу орынсыз. Ағаш саған өзінің саясын, жемісі мен гүлдерін беріп тұрса, мен ғана пайдаланамын деп түбімен көтеріп әкетсең – солады.
Болашақ – білімде. Жақын жылдары адам баласы кедей мен бай болып емес, білімді мен білімсіз болып бөлінеді. Петр Бірінші 1714 жылы білім негіздерінен сусындап алмаған дворяндарға үйленуге тыйым салған жарлық шығарған.
Егер білімге ұмтылу, бәрін білсем деу – өзгеден артық болсам, асып түссем деу үшін ғана керек болса, онда ол бекершілік.
Білім оқумен ғана емес, зеректікпен де келеді. Бағзы замандағы ақындарымыз бен шешендеріміз соның дәлелі. Олардың көбінің білім - сауатынан гөрі зеректігі, қисыны мен ойлау қабілеті, есте сақтау қабілеті жоғары болған.
Әпсана. Сократтың шәкірті болған философ Аристиппостың қасына бір кісі баласын ертіп келіпті. Философтың бала тәрбиесімен айналысатынын біліп, оған білгендерін үйретуді сұрайды. "Әрине, - дейді философ. Бірақ баланы шәкірттікке алғаным үшін 1000 алтын сұраймын!" Баланың әкесі шошып: "Немене?! Мың алтын ба?! Мың алтынға бір құл сатып алар едім!" Аристиппос оған: "Иә, мың алтынға бір құл сатып алсаң болады. Бірақ ол кезде үйіңде бір емес, екі құлың болмайды ма?" деп жауап берген екен.
Сорбонна университетінің маңдайындағы жазу:
Құдайдың бермегенін Сорбонна бере алмайды.