Жүсіп Баласағұн өсиет сөз
Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі – сөз,
Кісі көркі – жүз, жүздің көркі – көз.
***
Білімді - аз, білімсіздер қаптаған,
Ақылсыз - көп, ақылдыны таптаған.
***
Тіл, жүрегің шырын болсын қайда да,
Сөз бен есті тектен - текке лайлама.
***
Кім білікті, аты даңққа бөленер,
Кім өнерсіз, ат - атақсыз көнерер.
***
Қастық қылма, арамдықты сайлама,
Тый құлқыңды, жақсылық қыл қайда да!
***
Сабыр түбі - салқын сая жаныңа.
***
Сабыр етсең - бұзылған іс түзелер
***
Жұрт алдында аузыңды бақ, лепірме,
Кісі үйінде көз қадірін кетірме...
***
Дос, туғаннан лебізіңді аяма,
Кіші, үлкенді жылы жүзбен аяла
***
Аз сөйлесең де аңдап сөйле.
***
Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді,
Сөз қалады, таяқ табы кетеді.
***
Ащы айтты деп кінәлама ақынды,
Ащы сөздің түбі балдай татымды.
Ж. Баласағұни əдеп, əдет туралы:
Аз ғана игі іске көп рахмет айт.
***
Кісі алдындағы асқа қолыңды созба.
***
Кісі айыбын ашқаннан, жапқан жақсы.
***
Мінезі жақсы төрге озар.
***
Жақсы қылық адамға — ас пен киім.
***
Сəлем берген саулық береді, Сəлем алған қызығын көреді.
***
Үлкен келсе, асыңды аяма, Ыстық асқа үрлеме.
***
Құрсақта біткен қылық қара жерге бірге кіреді,
Сүтпен біткен ізгі қылық, өлгенше өзгермейді.