Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Астана .(жаттау) Ермек Өтетілеуұлы.
Мақсаты: Астана қаласы туралы түсініктерін кеңейту, Астана өлеңнің мазмұнын түсініп тыңдау үйрету.
Есте сақтау, ойлау қабілетін жетілдіру, сөздік қорын дамыту.
Мнемоника арқылы өлеңді қайталауын жетілдіру.
Астанаға сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Билингвалды компонент: қала Астана – город Астана, саяхат путешествие.
Сөздік жұмыс: шарықтайды, асқақ ән.
Технологиялық қамтамасыз ету: суреттер, хрестоматия, мнемоника, проектор, билетер, руль, автобус Дид. ойын: Қуыршақ тыңдайды .
Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Қайырлы таң, Алтын Күн!
Қайырлы таң, Көк аспан!
Қайырлы таң, Жер Ана!
Қайырлы таң, достарым!
Қайырлы таң, апайым!
Қайырлы таң, қонақтар!
Ұйымдастырушылық - Ізденістік
Кіріспе әңгіме:
- Балалар, сендер Астана қаласына барғыларың келе ме?
- Қандай көлікпен барғыларың
келеді?
- Бару үшін бізге не керек?
Төсін сәт:
- Балалар, Астана қаласына саяхатқа келді.
- Балалар сендер не көріп тұрсыңдар?
- Балалар, тұңғыш президентіміз кім?
- Балалар Астана қала туралы
тақпақты білгілерің келе ме?
- Олай болса, бүгінгі оқу қызметінде ақын Ермек Өтетілеуұлының Астана
тақпағын жаттайық.
1. Астана өлеңін мәнерлеп оқимын:
Болашаққа бастаған.
Шарықтайды асқақ ән.
Елордасы Отанның –
Мақтанышым – Астанам.
2. Мнемоника арқылы өлеңді оқимын.
Сөздік жұмыс:
шарықтайды, асқақ ән.
Билингвалды компонент:
қала Астана – город Астана, саяхат путешествие.
3. Сұрақ - жауап:
- Балалар, өлеңде не туралы айтылды?
- Астана қандай?
- Астананың несімен Мақтанамыз?
Сергіту сәті:
Отанымның тірегі,
Астананың жүрегі,
Мақтан етем өзіңді
Бәйтерегі киелі.
4. Балалармен бірге мнемоника арқылы өлеңді оқимыз.
Дидактикалық ойын: Қуыршақ тыңдайды
Мақсаты: Балаларды қуыршаққа тақпақты айтқызып үйрету. Ойлау қабілеттері дамиды. Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздігін байыту, жалпы ой – өрісін дамыту.
5. Әр баламен жеке айтқызу.
Астана өлеңі Ермек Өтетілеуұлы жүктеу