Менің киімдерім

Скачать

Сабақ жоспары
Қазақ тілі
Сынып: 0 в
Сабақтың тақырыбы: Менің киімдерім
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Балаларға өткен киім тақырыбы бойынша сөздерден сөйлем құрап айтуды үйрету.
Ә) Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын молайтып, қазақ тілінде еркін сөйлей білуіне жол ашу. Киімдер мен ыдыстардың аттарын бір - бірінен ажыратып салыстыруға үйрету.
Б) Тәрбиелік: Гигиенаға үйрету, киімдерді таза, ұқыпты киюге шақыру.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойындар
Сабақтың көрнекіліктері: Суреттер, әліппе - дәптер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сөйлесім.
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды сабаққа бейімдеу
б) ҚР Әнұранын орындау.

II. Өткен сабақты қайталау. – Балалар, біз Ғғ дыбысына байланысты қандай сөздермен таныстық. - Ғарышкер, сағат, ағаш, торғай, қарлығаш, қарға. – Дұрыс. (Тақтада сағат пен пышақ суреті тұрады). – Ал, енді мына суреттерді астына біз әріпті жазамыз. Ол үшін бізге қай сөзде қандай дыбыс бар екенін қайталауымыз керек. (оқушылар келіп сағаттың астына ғ дыбысын, пышақтың астына ы дыбысын келіп жазады)

III. Қызығушылықты ояту. – Балалар, бүгін менің үстімде қандай киім бар? Ал Таирдың үстінде ше? Түстері қандай?(оқушылар айтып шығады)
IV. Жаңа тақырып. Тыңда, қайтала. Менің көйлегім. Менің жейдем, т. с. с

Киімдердің түсін ата.

V. Сергіту сәті. Ұшты - ұшты ойыны.
Мен сөздер айтамын, ұшатын болса, шапалақтайды, ұшпаса шапалақтамайды.
Сөздер: тәрелке, ойыншық, қарға, ыдыстар, қарлығаш, құс, жейде, текше, доп, тон, тақия, тауық, әтеш, кесе, пышақ, мысық, күркетауық, шанышқы, торғай.
Тапсырма. Сәйкестендір.

VI. Сабақты қорытындылау. Не білдік? Не үйрендік? Не үйренгім келеді?
VII. Бағалау. Оқушыларды белсенділігіне қарай бағалау.
VIII. Үйге тапсырма. Балаларға әліппе - дәптердің 28 - бетіндегі құстарды бояуға беремін.

Менің киімдерім. жүктеу


Скачать


zharar.kz