Алгебра және анализ бастамалары (11 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияны дифференциалдау және интегралдау
Сабақтың мақсаты:
• Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы мен интегралын таба білуге үйрету.
Сабақтың міндеттері:
• Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы мен интегралын табудың негізгі формулаларын білу және есеп шығару барысында қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;
• Оқушылардың есте сақтау арқылы біліктілік қабілеттерін дамыту;
• Сабақ барысында негізгі мәселені өзі ажырата отырып, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: СТО стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, сызбалар, кестелер.