ТҮН
Автор: жас ақын Бек Ноғайбайұлы
Желменен тербелсе
жапырақ,
Мен оны ойлаймын жатып ап.
Бір кезде әйнектің сыртынан,
таныс үн
Тілдері күрмеле шақырад.
Әйнектен қарауға
шошынам,
Тек оның мекені осы маң.
Ол желге қосылып,
Ызыңдап айтады сосын ән
Таныс үн, таныс ән әуені,
Бұл оның айтатын әні еді.
Тұра сап әйнектен
қарадым,
Жел қаққан жапырақ,
ағаш тұр мәуелі.
Орныма жайғастым,
иықтап,
Жалғасты ән, күлді ол
миықтап.
Құлақ сап әніне жатыр ем,
Кетіппін ұйықтап.
Қарағанды облысы, Бұқаржырау ауданы
Үштөбе жалпы білім беретін тірек мектебі РО КММ
Жинақтаған: 9 сынып оқушысы Серікова Айгерім Серікқызы
Жетекшісі: Өзін өзі тану мұғалімі Жунусова Куралай Мухамедьяровна.