Ашық сынып сағаты 5 сынып
Адамгершілік құндылықтар.
Мақсаты: Адамгершілік құндылықтарды бойына жинақтаған, өзіндік көзқарасы бар ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мағзом Сүндетовтың Қасқалдақ әңгімесі. Нақыл сөздер.
Мұхаммед пайғамбардың хадистері. Адамгершілік туралы оқушы шығармалары, өлеңдер, салған суреттері. Интерактивті тақта. Слайд.
Сынып сағатының түрі: конференция сабақ Кітап оқушылар конференциясы
Сынып сағатының әдісі: баяндау, пікірлесу, талдау.
Сынып сағатының барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. М. Сүндетовтың Қасқалдақ әңгімесінен адамгершілік құндылықтар туралы баяндау. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасымен байланыстыру
3. Адамгершілік балалар көзімен... (шығармашылық тапсырмамен жұмыс)
4. Мұхаммед пайғамбар хадистеріндегі адамгершілік құндылықтар туралы.
5. Қорытынды:
Көрермендердің адамгершілік құндылықтары туралы пікірлерін тыңдау
І - бөлім.
М. Сүндетовтың Қасқалдақ әңгімесінің мазмұнын айту.
Оқушылармен пікірлесу арқылы әңгімеден адамгершілік қасиеттерді табу, талдау.
Слайдта көрсетілген жетекші сұрақтар:
1) Қасқалдақ әңгімесінде не туралы айтылған?
2) Ана - қасқалдақтың балапандарына деген сүйіспеншілігі, мейірім, қамқорлығы, өнегесі әңгіменің қай жерлерінен көруге болады?
3) Балапандардың қылықтарына қарап біз не аңғарамыз? Ақ мойын балапан несімен ерекшеленеді?
4) Отты таяғы барлар кімдер? Сендердің ойларыңызша қара мұртты қандай адам, аңсары Бектас ше?
5) Әңгімеде қандай адамгершілік құндылықтар келтірілген?
Әңгімеде кездескен адамгершілік қасиеттерді слайдтан көрсетіп мағынасын түсіну
(Сабырлық, қанағатшылдық, мейірімділік, қамқорлық, имандылық, парасаттылық, сүйіспеншілік, рақымшылық, еңбекқорлық т. б.)
Мұғалім сөзі:
Қасқалдақ әңгімесін 1986 жылғы желтоқсан оқиғасымен байланыстыру.
Қасқалдақтың қанындай деген халық сөзінің төркіні кең. Қазақ қимас нәрсесін қасқалдақтың қанына теңеген. Қасқалдақ кішкентай сұр құс. Өзі кішілігіне қарамастан азат өмірге құштар.
ІІ - Бөлім.
Адамгершілік балалар көзімен...
1. Оқушы шығармасы
2. Өлеңдер оқу.
3. Сурет салу.
ІІІ - Бөлім
Мұхаммед хадистерінде адамгершілік құндылықтар туралы.
83, 44, 142 хадистерді слайдта көрсетіп, оқу.
Ислам діні және басқада дүние жүзінде өмір сүретін діндерде адамгершілік құндылықты уағыздайды. Адамдық, имандылыққа қарсы экстремизмге жол жоқ дей отырып, оқушыларды салауатты өмірге шақыру.
ІҮ – бөлім
Қорытынды:
Көрермендердің адамгершілік құндылықтары туралы пікірлерін тыңдау