Ең үздік фирма
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып кәсіпке бейімдеу, меңгерген материалдарын қолдануға дағдыландыру.
2. Оқушының іскерлігі мен бейімін қалыптастыру, шығармашылығын, ізденісін қалыптастыру.
3. Оқушының пәнге деген қызығушылығын, отан сүйгіштігін ояту, еңбекқорлыққа, іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.
Сабақтың әдісі: іскерлік ойын - сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Үлестірме тапсырмалар, компьютердегі тапсырмалар.
Сабақтың барысы: Мұғалімнің кіріспе сөзі. Әділқазылармен таныстыру. Оқушылар 3 топқа, яғни 3 фирмаға бөлінеді. Оқушылар өз фирмаларымен таныстырады. Әр фирманың мамандары белгіленген: фирма президенті, есепші, дизайнер, хатшысы, бас маманы.
І - тур. Танысу . Өз фирмаларының таңбаларын қорғау. Әр фирманың дизайнері графикалық редакторда сурет салып, оны қорғайды.
ІІ - тур. Ойлан, тап!
Сурет салып отырған оқушыдан басқа фирма мүшелері таратып берілген жұмбақтарды шешеді. Алдымен мәтіндік редакторда берілген жұмбақты жылдам теріп, шешімін табу қажет.
ІІІ - тур. Сөздің жұбын тап
Оқушылар (бас мамандар) компьютерде алдын ала дайындалған тапсырманы ашып, мәтіндік редакторда берілген сөз тіркесін пайдаланып мынадай жұмыс жасайды:
Перне ------------- аппарат
Қатты -------------- тану
Фото --------------- сақтау
Ақпарат ---------- тақта
Мәліметтерді --- диск
Файлды ---------- шығару
Орындары ауысып берілген сөз тіркестері парларын тауып, бірдей түстерге бояу арқылы редакторда жұмыс істеу дағдыларын анықтау керек.
ІV - тур. Кім жылдам?
Оқушылар (хатшылар) компьютерде алдын ала сақталған тапсырманы ашып, берілген сөздерден мағынасы бар сөздер құрастыру керек. Әр фирма мүшесіне әртүрлі сөздер беріледі. Сөздердің ұзақтығы мен дұрыстығына, жылдамдық пен көлеміне баға беру керек.
Кім жылдам?
Мына сөзден мағынасы бар сөздер құра.
1. Ақпараттану
2. Хабарландыру
3. Пернетақта
V - тур. Дәлме - дәл .
Мұнда оқушылардың (есепшілер) калькулятор қосымшасында жұмыс істеу дағдысы анықталады, берілген мына тапсырмаларды дәптерге жазып алып, калькуляторда жылдам есептеп шығу керек.
Кім дәл табады?
1) 45+19*12=
2) (35+17) 4=
3) 24*3 - 102 3=
Мұнда оқушының жылдамдығы, есептеу дағдысы мен математикадан білімі бағаланады.
Әділқазылар қорытынды жасап Ең үздік фирманы анықтап, марапаттайды.