Қара базар

Скачать

Қара базар.
Автор: жас ақын Бек Ноғайбайұлы

Қара базар
Қара базар адам толы
қайнаған,
Бірі таныс, бірі бөтен
айналаң.
Бәз біреудің істеріне
қуанып,
Бәз біреудің жүрісінен
қайғы алам.

Қара базар қара халық
қашанда,
Мұнда жүрер қарыны
тоқ, аш аң да.
Мұң арқалап базар
жақтан қайтамын,
Үйге қарай қадамымды
басам да.

Қара базар қалталыға ізгі
күн,
Мұңайтады, қуантады
бізді кім.
Түбі түркі, түрі қазақ қарт
көрдім,
Аңсап жүрген жастық
шақтың тізгінін.
Қара базар қойғандай-ақ
шідерлеп,
Қайтеді енді шідерменен
күнелтеді.
Қалай түсіп кеткендігін
түнекке,
Қара шалдың өзі ғана
білер тек.

Тарқады ма қара шалдың
базары,
Болды енді ит тірліктің
мазағы.
Қара шалдың тағдырына
күрсінеді,
Күзгі жел мен Қарағанды
базары.

Қара халық бірте-бірте
тарқаған,
Тері шығып, селдей ағып
арқадан.
Сылтып басып таяғына
сүйеніп,
Қайыр сұрап кетіп барады
қарт адам.

Қарағанды облысы, Бұқаржырау ауданы
Үштөбе жалпы білім беретін тірек мектебі РО КММ
Жинақтаған: 9 сынып оқушысы Серікова Айгерім Серікқызы
Жетекшісі: Өзін өзі тану мұғалімі Жунусова Куралай Мухамедьяровна.


Скачать


zharar.kz