Сұрақтарға жауап алу. Сабақтың міндеттері

Скачать

Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем
Сабақтың мақсаты: Сөйлемді дұрыс құру, өздігінен қорытынды шығара білу.
Сабақтың міндеттері: Білімділік: Сөздерден сөйлем құрауды, сөйлемнің тыныс белгілерін анықтауды, аяқталған ойды білдіріп тұрған сөйлемнің ара жігін ажыратуды үйрену.
Дамытушылық: Оқушылардың сауатты жазу дағдысын, ауызекі сөйлеу тілдерін жетілдіре отырып, ой белсенділігін, танымдық қабілеттерін дамыту, өз ойын тиянақтап, дәлелдеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Өз әрекетін жоспарлауға, жүйелеуге, топта ынтымақтастықпен бірлесіп жұмыс жасауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, түсіндіру, салыстыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тірек сызбалар, слайдтар.
Қажетті құралдар: плакат, кестелер, маркерлер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Топқа бөліну(1, 2, 3 сандарын санау арқылы) Үй жұмысын тексеру: 33 - жаттығу. Жақын достарына, ата, әжелеріне қысқаша хат жазу. Жазған хаттарын оқыту. Өткен сабақты бекіту: Мәтін туралы не білдік? Сұрақтарға жауап алу.
Әңгімелеу мәтіні қандай да бір оқиғаны баяндап, не істеді? сұрағына жауап береді. Сипаттау мәтіні бір нәрсені, затты сипаттайды және қандай? сұрағына жауап береді. Пайымдау мәтіні белгілі бір нәрсені түсіндіріп, дәлелдейді және не үшін? сұрағына жауап береді.
Әр топ суреттерге қарап мәтін түрлеріне байланысты мәтін құрау.(64 бет)
Сергіту сәтін орындай отырып келесі топқа бөліну. Тапсырманы бірінші орындағандарға күннің, екінші орындағандарға айдың суреті, үшінші орындағандарға бұлт суреті беріледі. Осы бойынша
Күн тобы
Ай тобы
Бұлт тобы болады.


Скачать


zharar.kz