Ресейдегі кәсіпкерлік қызмет ерекшелігі

Скачать

Ресейде Азаматтық кодекске сәйкес кәсіпкерлік (коммерциялық) қызметтің келесі ұйымдастыру – құқықтық нысандары құрылады:
• Шаруашылық серіктестік пен қоғамдар;
• өндірістік копперативтер;
• мемлекеттік және муниципальды унитарлық кәсіпорындар.
Шаруашылық серіктестік қатысушылары белгілі шаруашылық қызметті бірге жүргізү үшін кәсіпорын құру туралы өзара шарт жасау болып табылады. Толық серіктестіктің мүлігін қалыптастыру көзі, оның қатысушыларының салымдары.
Толық серіктестіктің қатысушылары серіктестіктің міндеттері бойынша өз мүлігімен жауапкершілікті бірге алады.
Аралас (командиттік) серіктестікте (немесе сенімге негізделген) жағдай басқаша.
Серіктестік атынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын және серіктестің міндеттемелері бойынша өз мүліктерімен жауап беретін қатысушылармен қатар бір немесе бірнеше қатысушы салымшылар (коммандитистер) болады. Олар серіктестік қызметіне байланысты шығындар тәуекелін өздері енгізген салым сомасы шегінде алады.
Коммандитистер серіктестіктің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруға қатыспайды.
Сенімге негізделген серіктестіктіктің толық серіктестік сияқты жарғысы болмайды. Ол барлық толық серіктестік қол қойған құрылтайшылық шарт негізінде құрылады және қызмет етеді. 1. 27 – 30 беттер
Кәсіпкерлік (коммерциялық) кәсіпорынның келесі тобы – шаруашылық қоғам: жауапкершілігі шектелген қоғам, қосымша жауапкершілік бар қоғам, акционерлік қоғам, еншілес және тәуелді қоғамдар.
ЖШҚ бір немесе бірнеше тұлғалармен құрылады. ЖШҚ қатысушыларды оның міндеттері бойынша жауап бермейді және қоғам қызметіне байланысты шығындар тәуекелін өздері енгізген салым құны шегінде алады.
Қосымша жауапкершілігі бар қоғам қатысушыларының ЖШҚ айырмашылығы, оның міндеттері бойынша өз мүлкімен қоғамның құрылтайшылық құжатымен анықталмаған, олардың салым құнына барлық үшін бірдей есе мөлшерінде бірдей жауапкершілік алады.
Қатысушылардың бірі күйзеліске ұшыраса оның жауапкершілігі қоғам міндеттері бойынша қалған қатысушылары арасында олардың салымдарына пропорционалды бөлінеді.
Қазіргі жағдай да кәсіпкерліктің кең таралған нысаны акционерлік қоғам болып табылады. Олардың көпшілігі мемлекеттік және муниципалды кәсіпорындарды жекешелендіру жолымен құрылады.
АҚ жарғылық қоры белгілі ақша санына бөлінген. АҚ қатысушылар (акционерлер) оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, қоғам қызметіне байланысты шығын тәуекелін, өздеріне тиесілі акция құны шегінде алады.
АҚ ашық және жабық болуы мүмкін. Ашық акционерлік қоғам қатысушылары өздеріне тиеселі акцияны басқа акционерлердің келісімсіз беруіне болады.
Жабық АҚ акционерлері бұл қоғамның басқа акционерлерге сатылатын акцияларды алу да артықшылық құқығы бар.
Ашық және жабық АҚ құрылтайшылық құжаты құрылтайшылар бекіткен жарғы.
Алғаш рет Азаматтық кодекспен еншілес және тәуелді қоғамдар анықталады.
Егер басқа (негізгі) шаруашылық қоғам немесе серіктестік оның жарғылық қорына қатысу күші бар немесе осы қоғам қабылдайтын шешімдерді анықтау мүмкіндігі болса еншілес қоғам деп танылады.
Еншілес қоғам негізгі қоғамның (серіктестіктің) қарыздары бойынша жауап бермейді. Негізгі қоғам (серіктестік) еншілес қоғамдар жасаған келісімдерге еншілес қоғамдармен бірге жауап береді.
Тәуелді шаруашылық қоғамның экономикалық мәртебесі өзгешелеу шаруашылық қоғамын, егер басым немесе қатысушы қоғамда АҚ дауыс беретін акцияларының 20% көбі немесе жарғылық қоры 20% болса жауапкершілігі шектелген қоғам тәуелді шаруашылық қызмет боп саналады.
Кәсіпкерлік кәсіпорынның біршама өзгешелеу ұйымдастыру – құқықтық нысаны өндірістік кооператив болып табылады.
Өндірістік кооператив немесе артель – олардың жеке еңбегіне немесе басқа қатысуына негізделген, өндірістік немесе басқа шаруашылық қызметті бірге жүргізу үшін азаматтардың еркін бірігуі.
Өндірістік кооператив оның мелерінің мүліктік пайлық жарналары біріктіріледі. Мұндай кооперативтің қызмет сферасы өндірісітен басқа, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық және басқа өнімдерді өңдеу, сату, жұмыстарды орындау, сауда, тұрмыстық қызмет, басқа қызметтерді көрсету.
Өнердірістік кооперативтің құрылтайшылық құжаты оның мүшелерінің жалпы жиналысы бекіткен жарғы. Өндірістік кооперативтің маңызды ерекшелігі, ол акция шығаруға құқығы жоқ, сонымен қатар кооперативтің әрбір мүшесінің жалпы жиналыстың шешім қабылдауында бір дауысы болады.
Кәсіпкерлік (коммерциялық) кәсіпорынның ұйымдастыру құқықтық нысанының ортасындағы негізгі орында мемлекеттік және муниципальды унитарлық кәсіпорындар тұрады.
Унитарлық кәсіпорын дегеніміз меншік иесінің өзіне бекітілген мүлікте меншіктік құқығы жоқ коммерциялық ұйым. Унитарлық кәсіпорын мүлігі бөлінбейді және кәсіпорын қызметкерлері немесе басқа тұлғалар арасында үлестерге бөлінуі мүмкін емес. Унитарлы кәсіпорын нысанында тек мемлекеттік және муниципалды кәсіпорындар құрылуы мүмкін. Мемлекеттік және муниципалды унитарлық кәсіпорын мүлігі сәйкес мемлекеттің немесе муниципалдың меншігінде болады


Скачать


zharar.kz